Зулфухар Сұлтанұлы Ғайыпов Жоғары көлік және коммуникация колледжінің директоры, саяси ғылымдарының докторы, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты
02.09.2020
Қазақстан - әлеуметтік мемлекет
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына екінші жолдауын жасады. Жолдау еліміздің пандемия және постпандемия жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және келешектегі негізгі траекториясын айқындап берді. Бірінші кезекте президентіміз мемлекеттік басқарудағы жаңа өзгерістерге тоқталды. Пандемия жағдайы еліміздегі билікті басқарудың осал тұстарын байқатты. Осыны ескерген Мемлекет басшысы елімізде Жаңа агенттік құруды Үкіметке тапсырды. Агенттіктің мақсатын да айқындап берді. Агенттік мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалайтиын орган болуы керек деді. Сонымен қатар, президент мемлекеттік қызметкерлердің санын екі жылда 25% қысқартуды тапсырды. Өйткені заманнның тез өзгеруі, келешек цифрландырумен тікелей байланыстырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы министірліктердің жанынан құрылған жауапты хатшылар институтын қысқартуды тапсырды. Уақыт көрсеткендей бұл институт өзіне міндеттелген қызметтің үрдісінен шыға алмағандығына тоқтала келе, Ел президенті Мемлекетіміздің қазіргі дамуындағы негізгі 7 басылымдылыққа тоқталды. Осы басымдылықтардың барлығы да бір ғана мәселеге,яғни адами капиталдың сапасын жақсарту арқылы, қазақстан халқының әлеуетін арттыруға бағытталды.
Адами капиталдың әлеуетін арттыру үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы ең алдымен білім мен ғылымға, адам денсаулығы мен оның қоғам алдындағы жауапкершілігіне ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Білім саласын цифрлау үрдісін жалғастыруды тапсыра келе, Мемлекет басшысы Үкіметке жақын уақытта азаматтарды қашықтан оқыту үшін Ұлттық платформаны жасауды, сонымен бірге, жаңа жылдан бастап педагогтардың жалақысын тағы да 25% көтеруді тапсырды. Осы арада жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында қосымша 1000 грант берілетіндігін мәлімдеді. Жолдауда Қасым-Жомарт Кемелұлы ЖОО-дағы «диплом басумен айналысатын» сапасы төмен оқу орындарын бұдан әрі де білім нарығынан ығыстыруды ел үкіметінің басшысына ерекше шегелеп тапсырды. Сондай-ақ жолдаудағы тағы да бір жағымды жаңалық ол дәрігерлерге деген ерекше қамқорлық.
Нақтырақ айтқанда үкімет биылғы мемлекеттік қаржыны қайта қарау кезінде дәрігерлердің әлеуетін арттыру үшін тағы да 150 млрд. қаржы бөлуді тапсырды. Және де Үкіметке 10 жылға арналған медициналық мекемелерді кадрмен жабдықтаудың ұзақ мерзімді жоспарын даярлауды, азаматтарға барлық медициналық қызметтердің қол жетімділігін жақсартып, еліміздегіөмір сүрудің орта жас мөлшерін 75 дейін ұзартыды тапсырды.
Жолдаудағы өзекті мәселенің бірі де бірегейі ол - отбасылық-демографиялық ахуал болды. Еліміздегі статистикалық деректер бойынша, мемлекеттегі әр-бір алтыншы отбасының бала сүю бақытына қол жеткізе алмай отыр. Осы мәселені ескерген Мемлекет басшысы 2021 жылдан бастап, «Аңсаған ұрпақ» жобасын құруды және оған бөлінетін квотаның санын 7 есеге, яғни 7000 арттыруды үкіметке тапсырды.
Тағы да Мемлекет басшысының ерекше тоқтаған мәселесі ол –балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі болды. Қасым-Жомарт Кемелұлы жасөсмпірімдерге қатысты елдегі соңғы кездегі жасалып жатқан қылмыстарға тоқтала келе, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын таптаған қылмыскерлерге жазаны барынша қатаңдатуды ұсынды.
Тұрғын үй мәселесі де жолдауда назардан тыс қалмады. Осы мақсатта мемлекеттік бюджеттен 390 млрд теңге бөлінгеніне тоқтала келе, Мемлекет басшысы арендалық тұрғын үй құрылысы саясатының одан әрі де жалғаса беретінін мәлімдеді. Сол үшін де жаңадан «Отбасылық банктің» ашылғандығы және тұрғын үймен қамту саясатына бөлінген әр - бір тиыннның мемлекеттің бақылауында екенін тағы да шегелеп ескертті. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы 2021 жылдан бастап еліміздің азаматтары Бірыңғай зейнетақы жинақ қорындағы қаражаттың бір бөлігін 2021 жылдан бастап, тұрғын үй мен денсаулығын жақсартумақсатында пайдалануға болатындығын, ол үшін өолданыстағы і нормативтік құқықтық актілерге қажет болған ижағдайда өзгерту енгізуді тапсырды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз жолдауында жастарға да ерекше назар аударды. Ол Президентіміздің Еңбек және сол еңбектің қадірін бағалай білу туралы айтқан идеясы. Өмірдің барлығына жеңіл қарамай, аянбай еңбек ету арқылы келешекте мол табыс пен бақытқа қол жеткізуге болатынын жастарға нақты мысалмен түсіндіріп берді. Сонымен қатар, адам құқығы да Жолдауда ерекше мәнге ие болды. Жаһандану мен интернет жүйесінің тым қарқын алған заманында, адамның ар-ожданын қатаң сақтау керектігіне тоқталды.
Қорыта айтқанда, бұл жолдау тағыда мемлекетіміздің басты бағыты өз азаматтарын әлемдік экономикалық турболленттікке қарамай,әл ауқатын арттыру, еліміздегі қалыптасқан ұлтаралық татулықты ту етіп, әлемдік кеңістіктегі айбынды орнымызды сақтап қалу және егемендігімізді барынша еңселі ету деп білеміз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдаудың соңында қазақстандықтардың баршасын келесі жылы болатын тәуелсіздіктің 30 жылдығын жасампаздық пен бірлікте қарсы алуға шақырды.