Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті
26.08.2020
Зәуре Жүсіпованың төрағалығымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы Zoom сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасы арқылы өтті. Отырысқа қала әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Редкокашин, қала аудандарының әкімдері, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Редкокашин қалалық мәслихат депутаты Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы сөз сөйледі.
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 13 тамыздағы 2020 жылғы 12 тамызда болған «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлауының қорытындыларын анықтау туралы» қабылданған қаулысы негізінде Ақылбек Қажығұлұлының Нұр-Сұлтан қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайлануы, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға негіз болды», – деді Владимир Редкокашин.
Әріптестер Ақылбек Күрішбаевты сайлануымен құттықтап, оған денсаулық және жаңа мансапта табыс тіледі.
«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы Нұрлан Ұранхаев «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастыру қағидаларын бекіту туралы» мәселе бойынша сөз сөйледі.
«Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы 17-2-бабының 3-тармағына, «Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 37 бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастыру қағидаларын бекіту туралы шешім жобасын дайындады. Мәслихат шешімінің орындалуы қосымша қаражат бөлуді қажет етпейді», – деді Нұрлан Ұранхаев.
Қағидалар жобасы комиссия отырыстарында бірнеше рет талқыланды, талқылау барысында Қағидалар мәтініне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Н.Ұранхаев Нұр-Сұлтан қаласының жер комиссиясының құрамы туралы да хабарлады.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санын қысқарту және депутаттар ұсынған кандидаттарды комиссия құрамына қосу туралы пікірталас өтті.
«Жалпылай алғанда, алқалы және консультативтік-кеңесші органдардың санын қысқарту туралы ұсыныс бар, олардың құрамына қоғам өкілдерін міндетті түрде қосу керек. Осыған байланысты әкім 9 адамнан тұратын жер комиссиясын құру туралы шешім қабылдады. Комиссия құрамы тақ болуы керек. Бұл тұрғыда біз бәрін сақтадық. Менің ойымша, комиссия құрамы заңнамаға сәйкес қалыптастырылған. Мемлекеттік органдардың мүдделері ескерілді, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мәслихат депутаттары енгізілді», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов.
Депутат Илья Мещеряков «Астана» ӘКК төрағасының орынбасарын ауыстыруға қатысты сұрақ қойды.
Құрметті депутаттар, «Астана» ӘКК қатысуымен көптеген инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда екендігін білесіздер. Осыған байланысты біз «Астана» ӘКК жер комиссиясы құрамына қостық. Әкімдіктің, қала әкімінің пікірінше, оның мүдделерін бірінші басшы, яғни Қуанышбаев Рүстем Әскербекұлы ұсынса жақсы болады», – деп атап өтті Н. Нұркенов.
Депутаттар Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастыру қағидаларын және жер комиссиясының құрамын бекітті.
«Нұр-Сұлтан қаласының аумағында тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 430/55-VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы мәселе бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ басшысы Е. Бекмурзаев сөз сөйледі.
Нормативтік құқықтық актіні «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес келтіру үшін
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі № 430/55-VI «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» деп танылуға шығарылады.
Депутаттар мәслихат шешімінің күші жойылды деп тану туралы ұсынысты қолдады.
Осыдан кейін «Нұр-Сұлтан қаласының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 221/25-VI шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы С. Нұрғожина сөз сөйледі.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қағиданың 3-тармағының атауын «Азаматтардың жекелеген санаттарына қатты отын сатып алуға және тұрғын үйді газдандыруға арналған әлеуметтік көмек» деп өзгертуді ұсынды.
«Тұрғын үйді газдандыруға біржолғы әлеуметтік көмек Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес оның меншік иесі немесе меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылатын қарт зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға, көп балалы аналарға және жеке тұрғын үйлерде тұратын көп балалы отбасыларға, меншік иесі және оның отбасы мүшелерінде басқа тұрғын үйі болмаған кезде және жан басына шаққандағы орташа табысы төрт күнкөріс деңгейінен аспайтын жағдайда көрсетіледі», – деп атап өтті С. Нұрғожина.
Толықтыру он сегіз жасқа толған, «ЖИТС-ті алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК диспансерлік есепте тұрған адамдарға 5 АЕК көлемінде тоқсан сайынғы ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты болды.
Мәслихаттың 2017 жылғы 12 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс бірауыздан қолдау тапты.
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып және олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.