Сыртқы жарнаманы орналастыру Ережесі
25.08.2020
Сәрсембек Жүнісовтың төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы Zoom бейнеконференцбайланыс платформасында өтті.
Отырысқа қала аудандары әкімдерінің орынбасарлары, басқарма басшылары, БАҚ қатысты.
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте, Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде (белдеуден тыс) орналастыру Ережелерін бекіту туралы мәселесі бойынша депутаттар алдында "Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы" ММ басшысы Н. Т. Ұранхаев сөз сөйледі.
"Ереже "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңының 17-2 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 37 бұйрығына сәйкес әзірленді "Нұр-Сұлтан қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде (белдеуінен тыс жерде) орналастыру қағидаларын бекіту туралы" - деді Н.Ұранхаев және депутаттардан осы мәселені мәслихаттың алдағы кезектен тыс сессиясында қарау туралы ұсынысты қолдауды сұрады.
Ереже жобасын талқылау барысында мәслихат депутаттары уәкілетті органның басшысына жарнаманы орналастыру бойынша талаптарды орындамайтын жарнама берушілерді анықтау, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін салық түсімдерінің серпіні жөніндегі шараларға қатысты сұрақтармен жүгінді.
Тұрақты комиссияның төрағасы Сәрсембек Жүнісов Нұрлан Ұранхаевқа Ереженің жобасына жазбаша түрде ескертулер мен түзетулердің бар екенін хабарлады және сессия басталғанға дейін осы өзгерістердің Ереженің мәтініне енгізілуін сұрады.