Депутат болу - үлкен жауапкершілік
25.08.2020
Қалалық мәслихат депутаттарының қызметі елорданың экономикалық, қоғамдық және мәдени өмірінің барлық аспектілерін қамтиды.
Тұрақты комиссиялардың отырыстарында және мәслихат сессияларында қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін шешімдер қабылданады. Бұл шешімдердің орындалуы да мәслихат депутаттарының бақылауында. Қала тұрғындарының өмір сүру сапасына әсер ететін бюджетті қабылдау сұрағы ерекше ұқыптылықпен және жауапкершілікпен талқыланады.
Депутаттар өз сайлаушыларының мүдделерін білдіруші бола отырып, олармен үнемі байланыста болады, сайлаушылардың проблемалары туралы біледі, осы мәселелерді шешу жолдарын ұсынады.
Мәслихат депутаттары күн сайын қандай мәселелерді шешетіндерін "Вечерняя Астана" республикалық қоғамдық-саяси газеті мен "Астана Ақшамы" газетінің "Депутат жаршысы" айдарының сілтемелер жинағынан біле аласыздар.