Қалалық мәслихатта азаматтарды қабылдау
18.08.2020
Нұр-Cұлтан қаласы мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы Мажит Шайдаров ZOOM сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында азаматтарды қабылдады.
Қалалық мәслихатқа жұмыссыз Елемесов Бегеніш, кәмелетке толмаған екі баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жер учаскесінен уақытша әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй алуға көмек көрсету туралы өтінішпен қайта жүгінді. Бегеніш Елемесов бұл мәселе бойынша әкімдікте болғанын, бірақ оған жер учаскелерін беруге жарияланған мораторийге байланысты бас тартқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, оған әлеуметтік тұрғын үй беруден бас тартылды, бірақ бір баласы бар жалғызбасты басқа әкеге баспана алуға көмектесті.
Азаматтарды қабылдауға «Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ басшысының орынбасары Дархан Кулбаев және Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Айнұр Алинова қатысты.
Қабылдауға қатысқан Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Дархан Кулбаев Б.Елемесов тұрғын үй алу кезегінде 2019 жылдан бері тұрғанын және оны тек кезек тәртібімен ала алатынын атап өтті.
2000 жылы өтініш берушінің тұрғын үйі болды, ол үйді өзінің кінәсінен болған ЖКО-да зақымдалған автокөліктің төлемін өтеу үшін сатуға мәжбүр болған. Қазіргі уақытта оның екі кәмелетке толмаған баласы бар, жеке тұрғын үйі жоқ. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның шешімі бойынша оның бұрынғы жұбайы ата-ана құқығынан айырылып, балалар әкесінің қамқорлығына берілген.
Мажит Шайдаров қатысқан мемлекеттік органдардың өкілдеріне Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Б.Елемесовке уақытша әлеуметтік тұрғын үйге қатысты жазбаша жауап дайындау үшін, ал Жұмыспен қамту орталығының орынбасары Айнұр Алинова өтініш берушіге әлеуметтік көмекті қамтамасыз етудің барлық ықтимал тәсілдері туралы ақпарат беру үшін жүгінді.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы Мәжит Шайдаров Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына өтініш берушіге жер учаскесін беру мәселесі бойынша хат дайындауды тапсырды.