Елордада көші-қон процестерін реттеу
22.07.2020
Қайырлы Таукеннің төрағалық етуімен Zoom сервисінің видеоконференцбайланыс платформасында қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Тұрақты комиссия отырысының жұмысына қала аудандары әкімдерінің орынбасарлары, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Депутаттарды Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі істер департаменті көші-қон полициясы басқармасының елорда аумағында көші-қон процестерін реттеу бойынша жұмысы туралы Нұр-Сұлтан қаласы көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймухамет хабардар етті.
А.Р. Баймухамет өз сөзінде жарияланған ТЖ және карантин режимінен кейін көші-қон қызметі басқармасының жұмысы жанданғанын атап өтті. Мәселен, 2020 жылғы 13 мамырдан 13 шілдеге дейін 10 000 мигрантқа көмек көрсетілді, оның ішінде 5000-нан астамы уақытша тұруға рұқсат алды, 2500 мигрант виза алды, 2000-нан астамы елден кетті. Ағымдағы жылдың 7 шілдесінен бастап мигранттардың халықаралық хабарламаның күшін жоюға байланысты уақытша рұқсат алу үшін құжаттарды тапсыруға мүмкіндігі жоқ, олар елордада болуға уақытша рұқсат беру мерзімін 30 күнге ұзартады.
Көші-қон қызметі басқармасының басшысы қазіргі уақытта Көші-қон қызметі орталығында еңбек мигранттарына рұқсат беру және ұзарту бойынша үздіксіз жұмыс қамтамасыз етілгендігін атап өтті. Коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында қызметкерлер қорғаудың барлық шараларын сақтайды, олар маскалар мен қолғаптар киеді, қолға арналған антисептиктер, стационарлық санитайзерлер қолданады. Мигранттарды қабылдайтын бірінші қабатта олардың температураларын өлшейді. Күн сайын орталықта 500-ден астам адамға қызмет көрсетіледі, азаматтардың бағалауы бойынша Орталықтың ашылуы тұрғындарға ыңғайлы, уақытылы шара.
«Алайда, қазіргі таңда КҚҚО ғимараты қойылған талаптарға сәйкес келмейді, бұл көші-қон қызметінің алдына қойылған міндеттерді уақытылы және сапалы шешу бойынша қосымша қиындықтар туғызады. Жұмыс кабинеттерінің жетіспеушілігі, елорда қонақтары мен тұрғындарын, соның ішінде оралмандарды сапалы қабылдауды жүзеге асыру және ғимаратта қарапайым санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау қиынға соғатыны сезіледі. Қазіргі уақытта КҚҚО үшін автокөліктерге арналған тұрақ алаңы бар, жалпы ауданы 2 мың шаршы метрден кем емес үй-жай қажет. Көші-қон саласында толық және сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы стандарттар мен әкімшілік және материалдық-техникалық талаптарға сәйкес базаның болуы, ең алдымен, елорданыңбеделін қолдау үшін қажет», - деді Сөз соңында Арман Баймухамет.
Қалалық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Мәжит Шайдаров көші-қон полициясы басқармасының басшысына елордаға оқуға келген студенттерге қатысты сауал жолдады. Ол осы санаттағы студенттерді қабылдауға дайындық қалай жүріп жатқанын сұрады. Ағымдағы жылы карантин жариялануына байланысты оқу жылының басталуы қашықтықтан оқурежимінде өтеді. Студенттердің құжаттары бар, ал олардың өздері жоқ болған жағдайда көші-қон қызметі қалай әрекет етеді.
Арман Баймухамет уақытша тіркелу үшін оқуға келген студенттер алдын ала өздері немесе өкілдері арқылы барлық қажетті құжаттарды ұсынады деп жауап берді: паспортының түпнұсқасы мен көшірмесі, өтініш-хат, көші-қон картасы және басқалар. Қазіргі уақытта студенттермен жұмыс жүргізілуде. Визалық қолдау бойынша ешқандай проблема жоқ.
«Студенттердің көпшілігі біздің елімізде, қалада, өз жатақханасында тұрады, себебі себебі отанына оралуға мүмкіндігі болмады. Біз оларға визалық қолдау көрсету мерзімін ұзартамыз», - деді көші-қон полициясы басқармасының басшысы.
Қалалық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Мәжит Шайдаров көші-қон қызметі басқармасының басшысына көшіп-қонушы студенттердің жағдайы туралы егжей-тегжейлі ақпарат дайындап, қалалық мәслихатқа жіберуді ұсынды.
Тұрақты комиссия төрағасы еңбек мигранттарына қатысты, карантин кезіндегі еңбек мигранттарының мәселелері туралы сұрақ қойды.
«Отандарына орала алмаған мигранттардың жағдайы қалай, виза мерзімі өтіп кетті. Визаны ұзарту процедурасын қалай жүзеге асыра алдыңыз, толығырақ айтып берсеңіз», - деп сұрады Қайырлы Таукен.
Арман Баймухамет ТЖ және карантин жарияланған кезеңде еңбек мигранттарына визаның мерзімі ұзартылды және олар визаның мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылмады деп жауап берді. Уақытша рақымшылық жарияланды. Біздің елімізде мекендейтінін заңдастыру үшін оларға елордада болуын заңдастыру үшін уақыт берілді. Барлық мәселелер жұмыс тәртібінде шешілді. Карантин аяқталғанға дейін олардың көпшілігі тіркелген, еңбек патенттері ресімделген. Олар елден шығарылмады, оған қоса шекара жабық болды.
Мәслихат депутаты Қарақат Абден саяжай кенттерінде, нақтырақ айтсақ Пригородный кентінде тұру бойынша мәселені көтерді, ондағы тұрғындардың көбі тіркелмеген. Мәслихат тарапынан бұл мәселеге өте мұқият қарау ұсынысы болды.
Арман Баймухамет қазіргі таңда көші-қон қызметі тиісті заңдастырусыз саяжай алқаптарында тұратындарды тіркеуді жүргізбейтінін айтты.
«Үкіметтің №427 қаулысына сәйкес, тіркеудің негізі үй-жайдың болуы болып табылады, ал саяжай кенттерінде әдетте мұндай жағдай жоқ деп нақты айтылған, сондықтан да біз одан әрі мекенжайдың тіркеу кодын бере алмаймыз. Жылжымайтын мүлік тіркелімінде қандай да бір деректер жоқ. Біз бұл жөнінде әкімдікке жаздық», - деп атап өтті Арман Баймухамет.
Депутат Қарақат Абден барлығы заңнамаға сәйкес әрекет етуге келісетінін атап өтті.
«Алайда, бұл мәселені басшылықтың алдына қою керек. Алдағы уақытта сіздермен бірге адамдарды тіркеу мәселесін қалай шешуге болатынын ойластыруымыз керек. Қазір карантин кезінде адамдар ауыратын жағдай. Жалпы саяжай массивтері бойынша рейдтер жүргізіле ме? Отбасы табысы 50 мың теңгені құрайтын және оларға айыппұл төлеуге тура келген жағдайлар болды», - деп сұрады Қарақат әбден.
Көші-қон қызметі басқармасының басшысы қазіргі уақытта рейдтер жүргізілмейтінін, бұл адамдарға қатысты ешқандай айыппұл санкциялары қолданылмайды деп жауап берді.
Тұрақты комиссияның төрағасы Қайырлы Таукен тұрақты комиссия отырысының қорытындысын шығарды. Көші-қон қызметі басқармасының жұмысына байланысты барлық мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті қаулы қабылданды.