Мәслихат депутаттары елорданың дәріханаларын тексерді
11.07.2020
Қалалық мәслихат депутаттары карантин кезінде туындаған мәселелерден тыс қалған жоқ. Тұрғындардан дәрілік заттардың бағасын негізсіз көтеруге байланысты көптеген шағымдар түсті.
Аралауға қалалық мәслихат депутаттары Рамзия Өмірбаева, Мирас Шекенов, Илья Мещеряков қатысты.
«Қазіргі таңда қаламызда дәрілік заттар тапшылығы байқалады. Дәріханалардың бір бөлігі дәрілердің шекті құнын белгілеу туралы денсаулық сақтау министрінің бұйрығын бұзуда. Мұндайды көрген адамдар, әрине, шағымданады», - деді Мирас Шекенов.
«Astana Adaldyg Alany» жобалау кеңсесінің өкілдері жемқорлыққа қарсы комитеттің мониторинг тобымен және партиялық бақылау комитетімен бірлесіп, ведомствоаралық топтардың құрамында қала тұрғындары дәрілік заттардың қымбаттағанын анықтаған елордалық дәріханалар бойынша рейдтер жүргізді. Әсіресе, бағаны көтеру фактілері шағын дәріханаларда жиі кездеседі.
«Желілік дәріханалар бойынша дәрі-дәрмектерді шекті құнынан асырып сату фактілерінің бірі анықталған жоқ. Аталған бұйрықтың шегінен жоғары бағаны көтерумен шағын дәріханалар айналысуда, олар өздеріне өздері қожа, олардың қызметін ешкім бақыламайды деп ойлайды», - деп атап өтті Мирас Шекенов.
«Astana Adaldyg Alany» жобалау кеңсесінің facebook парақшасында «СҚ-Фармация» қоймасын аралаудың, қала дәріханаларында бағаның жоғарылауын анықтау бойынша рейдтік аралаудың тікелей эфирі орналасқан.
Бағаны көтеру жағдайын тек ортақ күш-жігермен ғана бұзуға болады, қала тұрғындарының көптеген шағымдарына жауап ретінде депутаттар рейдтерінің барысында анықталған дәрілік заттардың бағасын реттеу ережелерін бұзу фактілері бұзушыларға қатысты шаралар қабылдау үшін тиісті органдарға жіберіледі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес лицензияны қайтарып алуға дейін әкімшілік жауапкершілік көзделген.