Депутат күні
11.06.2020
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатында Қайырлы Таукеннің төрағалық етуімен Депутат күні өтті, онда «Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жастар саясатын іске асыру барысы туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібі бойынша қалалық мәслихат депутаттарының алдында баяндама жасаған Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек елордада 245 мыңнан астам жастар өмір сүретінін, олардың 89 мыңы студенттер екенін атап өтті. Жастардың толыққанды өмір сүруі үшін жағдай жасау мақсатында елорданың жергілікті атқарушы органы елордалық жастарды тарта отырып, жекелеген іс-шаралар өткізуде. Елордада жастармен жұмыс істеуге, соның ішінде жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған өңірлік Жол картасы іске асырылуда.
Сондай-ақ, Дәулет Кәрібек бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамауды қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылғанын хабарлады. Мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған жобалар жоспарланды, соның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің түлектерін интернаттан кейінгі сүйемелдеу және бейімдеу іс-шараларының кешенінің жобасы және т.б.
Жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының сөз сөйлеуінің қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаттары Дәулет Кәрібектің баяндамасын талқылап, Басқарманың елорда аумағында жастар саясатын іске асыруға қатысты атқарған жұмысын бағалап, бірқатар ұсынымдар мен ұсыныстар айтты.
Қалалық мәслихаттың депутаты Ақылбек Күрішбаев қазіргі Қазақстанның жастары мемлекеттің басты байлығы, оның әлеуеті, бүгіні және болашағы екенін атап өтті.
- Нұр-Сұлтан қаласы – жастардың қаласы, осыған байланысты Жастар саясаты мәселелері басқармасы әрқашан жастардың алдына қандай мақсат қоятынын және жастардың не керек екенін білу қажет. Бұл сіздің бастапқы мақсатыңыз. Қазіргі уақытта жастар мектеп бітіргеннен кейін оқуға, жұмыс істеуге қайда баратындарын білмейді. Сондықтан, сіздердің міндеттеріңіз – жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру және олардың генетикалық әлеуетін ашуға көмектесу, содан кейін қоғам мен экономикаға пайда болады. Бұл үшін Ұлттық идея қажет, - деді депутат. Өз кезегінде, қалалық мәслихаттың депутаты Зинаят Жүсіпова қазір жастар денсаулығы мен әдемілігін ойлайтынын, спортпен белсенді түрде айналысатынын, әрқайсысы спортшы екеніне, алайда жастардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, отбасының әлеуметтік институтын, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді нығайтуға көбірек көңіл бөлу қажет екеніне ерекше тоқталып өтті. Зәуре Ғинаятқызы бұл мәселелердің барлығы Жастарға арналған бағдарламада орын алуы тиіс екенін атап өтті. Депутат күнінде депутаттар Зейнолла Шибкенов, Рәмзия Өмірбаева, Мирас Шекенов және Илья Мещеряков сөз сөйледі, олардың әрқайсысы елорда жастарының өмір сүру сапасын жақсарту және арттыру бойынша қажетті жағдайлар жасау үшін қажетті тапсырмалардың мақсаттарын атап өтті.