Қалалық мәслихатта Саят Батпеновтың төрағалық етуімен 66-шы кезектен тыс сессиясының пленарлық отырысы өтті
02.06.2020
Қалалық мәслихатта Саят Батпеновтың төрағалық етуімен 66-шы кезектен тыс сессиясының пленарлық отырысы өтті.
Қалалық мәслихат депутаттарының талқылауына елорда тұрғындары үшін өзекті болып табылатын мәселелер шығарылды, соның ішінде азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті жағдайларда ұсынылатын қосымша дәрілік заттардың, мамандандырылған емдік өнімдердің, медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту.
Осы мәселе бойынша қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова өз сөзінде аурудың атауын, азаматтардың санатын, көрсетілімдерін (деңгейін, сатысын, ауыру барысын), дәрілік заттардың атауын (шығарылу түрін) тізіп өтті және оларды бекітуге ұсыныс жасады.
Сонымен қатар, депутат Мәжит Шайдаров туберозды склероз, құрылымдық фокальды эпилепсия секілді ауруларға қатысты Тізбеде жоғарыда көрсетілген тәртіппен тиісті емдік дәрі-дәрмектерді алушы ретінде тек 18 жасқа дейінгі балаларды ғана емес, оларды алушы болып табылатын барлық азаматтар, атап айтқанда диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттарын көрсету қажет екенін атап өтті. Сәуле Қисықова осы дәлелдермен келісті.
Сайлау комиссияларының мүшелігіне, пайда болған бос орындарға және жаңадан құрылған Нұр-Сұлтан қаласының сайлау комиссияларына кандидатураларды сайлау мәселесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының Аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау жөніндегі қалалық мәслихаттың уақытша комиссиясының (бұдан әрі – Уақытша комиссия) төрағасы, қалалық мәслихаттың депутаты Мирас Шекенов сөз сөйледі.
Мирас Шекенов 2019 жылдың 15 қаңтарында қалалық мәслихат Астана қаласының қалалық, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері 5 жыл мерзімге сайланғанын түсіндірді. Сонымен қатар, өткен кезеңде 2020 жылдың 15 қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін түрлі себептермен учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарынан 481 адам, аудандық аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарынан 9 адам кетті. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің тиісті шешімдеріне сәйкес № 169, 174, 236, 238, 303 сайлау учаскелері таратылды. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен №№ 305-тен 322-ге дейінгі 18 учаскелік сайлау комиссиясы қайта құрылды, онда олардың сандық құрамы 5-тен 11 адамға дейін белгіленді. Осыған байланысты Уақытша комиссия босаған бос орындарға 490 сайлау комиссиясының мүшесін сайлау бойынша, сондай-ақ жаңадан құрылған сайлау комиссияларына 178 мүшені сайлау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.
Қалалық мәслихатқа сайлау комиссияларының сайланатын мүшелерінің санына тең кандидатуралар бойынша саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден ұсыныстар түскенін ескере отырып, Мирас Шекенов пайда болған бос орындарға және жаңадан құрылған сайлау комиссияларына кандидатураларды сайлау бойынша ашық дауыс беру өткізу туралы ұсыныс енгізді.
Сондай - ақ депутаттардың алдында қалалық Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір құрамдарын бекіту мәселелері бойынша, кадрлық өзгерістерге байланысты сөз сөйледі.
Отырыстың күн тәртібі бойынша жоғарыда аталған барлық мәселелер қалалық мәслихаттың депутаттарымен мақұлданып, олар бойынша шешімдер қабылданды.
Сессия жұмысына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова, қала аудандарының әкімдері, елордалық ведомстволардың басшылары, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.