Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатында Мәжит Шайдаровтың төрағалық етуімен әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы Zoom қосымшасы арқылы онлайн режимінде өтті
15.05.2020
Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Отбасы және гендерлік саясатты жүзеге асыру жөніндегі жұмысы туралы әкімнің бас инспекторы-әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Мөлдір Бөлебаева баяндама жасады.
Бұдан әрі тұрақты комиссия отырысының бағдарламасына сәйкес күн тәртібі бойынша «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының орынбасары Ақмарал Сәбит баяндады.
Мәселені талқылау барысында «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы» КММ директоры Ғалихан Куканбеков, ЖП МТЖБ аға инспекторы Гүлмира Шрахметова сөз сөйледі.
Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі: «Қорғау Астана» ЖҚ, «Право ҚҚ, Азаматтық бастамалар орталығының жетекшісі.
Мәслихат депутаттары отырыс барысында уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимылдың болмауына және осы қызметті үйлестірудің болмауына байланысты ескертулер айтты.
Депутат Қарақат Әбден әйелдердің мемлекеттік органдардың басшысы лауазымдарында болу мәселесі де маңызды екенін атап өтті. Статистикаға сәйкес Қазақстан халқының 52%-ы әйелдер, сондықтан олар шешім қабылдау деңгейінде мемлекеттік басқаруға қатысулары тиіс. Және бұл жұмысты жүйелі түрде жүргізу керек.
Төрағалық етуші Мәжит Шайдаров тұрақты комиссия отырысының қорытындысын шығарды. Ол бүгінгі таңда осы бағыттағы жұмыстың жеткіліксіздігі, оң нәтижелердің жоқтығы туралы айтуға болатынын атап өтті. Мәслихаттың бейінді комиссиясының төрағасы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының хатшысы Мөлдір Бөлебаевқа бағдарлама немесе жұмыс жоспары түрінде көлемді жинақ дайындауды және мәслихат депутаттарының қарауына ұсынуды тапсырды. Сонымен қатар, құжаттарды сапалы дайындау үшін құрамына барлық мемлекеттік органдардың өкілдерін қосуға болатын жұмыс тобын құру жөніндегі мәселеге бастамашылық ету.
Талқылау нәтижелері бойынша депутаттар отбасылық және гендерлік саясатты іске асыру бойынша жұмысты жақсарту жөніндегі бірқатар ұсыныстар енгізді, құзыретіне отбасылық және гендерлік саясатты іске асыру кіретін жауапты мемлекеттік органдардың атына нақты тапсырмалары бар қаулы жобасы қабылданды.