Құрметті елорда тұрғындары!
07.05.2020
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
Бұл мереке барлығымыз үшін ерекше құндылыққа ие, себебі ол патриотизм, борыш, ар-намыс және антқа адалдық секілді ұғымдармен байланысты!
Әрбір қазақстандық отбасында Ұлы Отан соғысы жылдарында елімізді қорғаған немесе әскерде қызмет ететін азаматтар бар.
Мереке Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында өтуінің символдық мәні бар.
Бүгінгі таңда жас әскери қызметкерлер әкелері мен аталарының ісін жалғастыруда, олар төтенше жағдайлар, түрлі табиғи апаттар кезінде немесе қазіргі таңдағы пандемия кезінде өздерінің азаматтық борышын орындауда.
Сіздерге денсаулық, табыс, кез-келген бастамаларда жеңіс тілейміз! Өмірлеріңіз жақындарыңыздың жылуына, қамқорлығы мен сүйіспеншілігіне толсын!