Елбасының «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» мақаласы туралы мәслихат депутаты
08.04.2020
Қалалық мәслихаттың депутаты Рамзия Умербаева бұл күрделі уақытта Елбасының сабыр мен байсалдылыққа шақыруы өзекті және уақтылы болып табылатындығына сенімді «жолдау жалпы мақсатқа жету үшін Халықтың, Елбасының, Президенттің және басқа да билік тармақтарының бірлігін көрсетті». «Бұл сенімді саясаткер мен дипломаттың халқына үндеуі» - деп атап өтті ол.
Депутат Елбасының «әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек» деген үндеуінің рефрені қамқорлық, көңіл бөлу және жауапкершілікті көрсетудің идеясы деп есептейді.
Көп жылдар бойы үздік білім беру ұйымдарының бірі – №17 мектеп – гимназиясына жетекшілік ететін Рамзия Фаатовнаның жанына жақын ерекше жауап ұрпақтар сабақтастығы туралы сөз болды.
Елбасы аға буын өкілдеріне арнаған сөзінде оларды «жастарды еңбекке, білім алуға, қатарының алды болуға тәрбиелеңіздер. Ұрпақ алдындағы жауапкершілік бізді осыған міндеттейді» – деп шақырады.
Мақалада ол жастарға «жамандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылыңдар» – деп әкелік ақылын айтты.
Рамзия Умербаева Елбасы өз үндеуінде пандемия және экономикалық құлдырау дәуіріндегі қоғам алдында тұрған ең маңызды міндеттерге тоқталды деп есептейді. Тек бірлессек қана біз барлық қиындықтарды жеңе аламыз. Бірлесе білген ел бәрін жеңеді!