Қарақат Әбден: Бірлесе білген ел бәрін жеңеді!
09.04.2020
Қалалық мәслихаттың депутаты Қарақат Әбден Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мақаласының өзектілігі мен уақытылығы туралы өз пікірін білдірді.
«Бұл қиын уақытта қазақстандықтармен бірге егеменді мемлекет құрған Nur Otan партиясының көшбасшысы, Елбасының қолдау сөздері әрқайсымыз үшін өте маңызды болды. Тұңғыш Президенттіміздің Қазақстан халқына үндеуінде біздің елімізді дағдарыс кезеңінде бірнеше рет құтқарған және азаматтарымызды тек қана күшті еткен қазақстандықтардың БІРЛІГІ туралы ой байқалады».
Елбасының дана саясатының арқасында еліміздің тұрақтылығы мен экономикалық дамуының іргетасы қаланды. Қарақат Әбден үндеуде әлемнің кез келген елі, соның ішінде Қазақстан үшін, негізгі және негізін қалаушы болып табылатын барлық маңызды сәттердің қысқаша, кең көлемде белгіленгенін атап өтті.
«Ұлт денсаулығы мен мемлекет қауіпсіздігі – бір-бірімен етене, егіз ұғымдар. Тұтқиылдан келген жаман індет – коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіруде. Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті».
Біз әрқашан барлық деңгейде мемлекетіміз үшін Қазақстанда тұратын ұлттар мен халықтардың өкілдері арасындағы достық, өзара түсіністік, төзімділік, келісім маңызды болып табылатынын мәлімдедік. Қазақстан қоғамы үшін бұл талассыз шындық.
«Әлемнің барлық мемлекеттерімен достық, өзара сенім және тең құқықты серіктестік саясаты біздің елімізге достық пен сенім қарым-қатынасын сақтауға, экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді. Бүгін бүкіл әлем бір-біріне көмек қолын созуға дайын және Қазақстан да солардың ішінде» - деді Қ. Әбден.
Депутат «әлемдік қоғамдастыққа, соның ішінде Қазақстанға да көптеген экономикалық шешімдерді қайта қарастыруға, жаңа бағыттарды игеруге, елде экономикалық тұрақтандыру үшін мүлдем басқа жұмыс тәжірибесі мен ынтымақтастық құруға тура келетінін» атап өтті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар бұрын-соңды болмаған болып табылады.
Қ. Әбден өз қызметінде: «Еліміздің бірде-бір адамы, бірде-бір азаматы қолдаусыз қалмайды. Ол үшін елде барлығы бар: қаржы, материалдық ресурстар, техника, азық-түлік қоры» - деді.
Коронавирустық инфекцияның таралуымен күресу, дағдарысқа қарсы шараларды қамтамасыз ету жағдайында барлық деңгейдегі басшылардың ұтымды іс - әрекеттері маңызды – «әр министр, әрбір облыс, қала және аудан басшылары жүйемен, тәртіппен, үйлесіммен, нақты жоспармен, нық сеніммен әрекет етіп, уақытша қиындықтан шығуға барлық күш-қуатты жұмылдыруы қажет».
Мәслихат депутаты Қарақат Әбден қоғамның әртүрлі топтарының өкілдері бірігуі керек екенін атап өтті - «біз тек бірге болғанда ғана жағдайға ықпал ете аламыз, бір-бірімізді қолдап, өзара көмек көрсете аламыз. Ауру ол ешкімді таңдамайды, ол барлығымызға, әрбіріміз үшін қауіпті, сондықтан ынтымағымыз, пікірлеріміздің бірлігі, ойымыздың бірлігі, ниетіміздің және істеріміздің бірлігі маңызды».