Азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге арналған блокпосттар
03.04.2020
Төтенше жағдай режимін енгізу кезінде Нұр-Сұлтан қ. мәслихатының депутаттары Nur Otan партиясының қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының көшпелі отырысына қатысты.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов Нұр-Сұлтан қ. мәслихаты хатшысының міндетін атқарушысы Мәжит Шайдаровпен және партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, мәслихат депутаты Мирас Шекеновпен және комиссияның басқа да мүшелерімен бірге карантин енгізілген жағдайда көліктің барлық түрлерінің кіруі мен шығуын және азаматтардың қозғалысын шектеу үшін орнатылған блокпосттарды аралап көрді.
Блокпосттар елорданың мына периметрі бойынша орнатылған: №1-блокпосты «Қосшы», №2-блокпосты «Ильинка», №3-блокпосты «Талапкер», № 4-блокпосты «Көкшетау», №5-блокпосты «Қоянды», №6-блокпосты «Шұбар», №7-блокпосты «Жібек жолы».
Блокпосттарды енгізудің басты мақсаты — азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың денсаулығын сақтау. Азаматтардың кез келген рұқсатсыз өтуі алынып тасталды.
Блокпостардың қызметіне әкімдіктердің, денсаулық сақтау жүйесінің, құқық қорғау органдары бөлімшелерінің өкілдері, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған.
Блокпосттарды аралап шығу азаматтардың өтініштерін қарау және жауапты мемлекеттік органдарды жұмылдыра отырып, оларды одан әрі шешу мақсатында ұйымдастырылды. Мұндай аралап шығулар базарлар бойынша да жүргізілді.
Аралау барысында комиссия мүшелері жауапты тұлғаларға тамақтану, жабдықтау мәселелері бар ма, істің жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар бар ма деген сұрақтар қойды. Nur Otan партиясының желісі бойынша Ерлан Каналимов жеке қорғаныс құралдарын таратты.
Nur Otan қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысында блокпосттарды аралау барысында айтылған барлық мәселелер қаралады.