Нұр-Сұлтан қаласы маслихатының депутаттары мектептерді аралады
17.03.2020
2020 жылдың 17 наурызында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары Нұр-Сұлтан қаласы мектеп оқушыларының денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша қалалық мәслихаттың кезекті сессиясын дайындау шеңберінде білім беру ұйымдарына барды.
Іс-шараға мәслихат хатшысының м.а. Мәжит Шайдаров бастаған мәслихат депутаттары қатысты.
Бүгін елордада 88 мемлекеттік және 25 жеке меншік мектеп жұмыс жасайды. Мәслихат депутаттары әр түрлі деңгейдегі іс-шараларда мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер жоғары жүктемеге ұшырайтынын атап өтті. 74 мектепте оқушылардың нақты саны жобалық қуаттылықтан асады, оның 25-і екі есеге артық.
Объектілерді аралау барысында мәслихат депутаттары мектептерде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайына талдау жасады.
Депутаттар үш білім беру ұйымдарында болды: №6 мектеп-гимназиясы (директоры Т.К. Крылова), №28 мектеп-лицейі (директоры Т.А. Брусевич), №76 мектеп-лицейі (директоры С.С. Тулекова).
Мектеп директорлары депутаттарды білім беру үдерісінің қауіпсіздігін қорғау жөніндегі құжаттамалармен, нұсқамалық журналдармен, бракераждық журналдармен таныстырды.
Депутаттар аралаған мектептердегі өртке қарсы қауіпсіздік жағдайы қанағаттанарлық екенін атап өтті: эвакуациялау жоспарлары бар, қосалқы шығу есіктері үйілмеген және эвакуациялау үшін бос, мектептерде "Антипаника" жүйесі, төтенше жағдай кезінде еркін шығуды қамтамасыз ететін автоматтандырылған есіктер орнатылған. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында турникеттер мен дабыл сигнализациясының түймесі орнатылған, кіруді үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету арқылы өткізу режимін күшейту бойынша жұмыс жүргізілген, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Барлық білім беру объектілерінде күзетуді лицензиялары бар фирмалар қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, депутаттар мектептерде тамақтанудың ұйымдастырылуымен танысты, асханаларды, спорт залдарын, медициналық кабинеттерді аралады.
Сондай-ақ, депутаттар мектептерде тамақтанудың ұйымдастырылуымен танысты, асханаларды, спорт залдарын, медициналық кабинеттерді аралады, әр оқу мекемесінде ұстаздармен, ас әзірлейтін бөліктердегі қызметкерлермен, медицина қызметкерлерімен сұхбаттаслар өткізді. Мектеп әкімшіліктері қазіргі уақытта ата-аналар қоғамдастығы белсенділігінің күшейе түскенін, кері байланыс «Күнделік» электрондық журналын пайдалану арқылы жолға қойылғанын атап өтті. Оқу процесіне қатысты барлық даулы мәселелер кері байланысты қамтамасыз еткен жағдайда ғана тиімді шешіледі.
Сондай-ақ ыстық тамақты ұйымдастыру мәселесі де бракераждық комиссияның құрамына кіретін ата-аналардың қызығушылық танытуына байланысты.
№6 мектеп-гимназияны аралау барысында, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті анықтаған мектеп ішіндегі жанып кеткен шамдарды уақытылы алмастыруға қатысты бұзушылықтардың аралау кезінде жойылғандығы атап өтілді.
№28 мектеп-лицейі 1969 жылдан бастап жұмыс істейді және қазіргі уақытта асхана ғимараты жапсарлас салынған орынжайда орналасқан. Алайда, депутаттар атап өткендей, асхана бөлмесі мектеп қажеттілігіне сәйкес келмейді. Оқушылар саны 1300-ден астам болса, асхана 120 адамға есептелген.
Оқу-тәрбие процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектепке сапалы кіру жолдарының болуы маңызды рөл атқарады.
№ 76 мектеп-лицейінде қауіпсіз кіру жолдарының болмауы – мәслихат депутаттарының күн тәртібіне шығаратын мәселелерінің бірі. Сонымен қатар, ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетушіге айтарлықай ескертулер бар.
Қалада ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар саны шамамен 9 мың, бірақ барлық білім беру ұйымдары осындай балаларға оқу орындарына кедергісіз қолжетімділікті толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ.
Мәслихат депутаттары анықталған кемшіліктерді мәслихаттың кезекті сессиясында талқыламақ.