Халық қалаулыларына өздерін толғандырған мұң-мұқтаждарымен жүгінген жандар
05.03.2020
Елордалық мәслихатта мәслихат хатшысының м.а. Мәжит Шайдаров азаматтарды жеке қабылдауын өткізді. Әр апта сайын азаматтар қала мәслихатына өздерін толғандырған мұң-мұқтаждарымен келеді.
Елордада сайлаушылар жүгінетін ең өзекті мәселе – баспана мәселесі.
Бұл жолғы жеке қабылдау кезінде де осындай өтінішпен келген азаматтар болды. Мәселен, қала тұрғыны А.Т. Блялова 2007 жылдың сәуір айынан бастап мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы санатындағы тұрғын үй кезегінде тұр. Жалдамалы пәтерлер, жеке баспананың болмауы церебралды балалар сал ауруы диагнозы бар мүгедек балаға күтім жасауға қолайлы жағдай туғызуға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, отбасында тағы екі кішкентай бала тәрбиеленуде. Мәжіліс хатшысы м.а. Мәжит Шайдаров өтініш беруші Ақмарал Тасболатқызына бұл мәселе атқарушы органдармен бірлесіп қарастырылатындығын айтты.
Өмірде адамдар қиын өмірлік жағдайға тап болып, оларды өздігімен еңсере алмайтын кездер болады. Ә.Е. Сатбекованың отбасы осындай жағдайда. Мәслихат хатшысы м.а. Мәжит Зейнуллаұлы Әлия Ержанқызын мұқият тыңдап, қалада Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың мәслихат шешімімен бекітілген қағидаларыбар екенін, қағидаларда қиын жағдайға тап болған адамдардың әлеуметтік көмек алу тәртібін айқындалатындығын түсіндірді. Мәжит Зейнуллаұлы бұл мәселені шешу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына тиісті сауал жіберілетіндігін айтты.
Қайырымдылық – бұл мұқтаж адамдарға риясыз көмек көрсету. Қамқорлыққа басқаларға қарағанда өте мұқтаж балаларға көмек көрсетумен «Мейірімділік–М» қайырымдылық ұйымы» қоғамдық қоры айналысады. Қоғамдық қор төрайымы А.О. Сеилова қорға жұмысқа орналасқысы келетін адамдарға квотаны арттыруға көмектесу, яғни Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы Қоғамдық қорда жұмыс істеуге жіберуге жәрдемдесу туралы өтінішпен келді. Мәслихат хатшысы м.а.түсіндірме жұмыстарын жүргізді және уәкілетті органға адамдарды қорда жұмыс істеуге қосымша жіберуге мүмкіндік қарастыру туралы тиісті хат жіберілетіндігін атап өтті.