Қаланың учаскелік инспекторлары халықпен қалай жұмыс істейді
28.02.2020
Қалалық мәслихат депутаттары көпшілік тыңдауларға дайындық аясында Қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Сабыр Жүсіпбековпен және Қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Госман Жакинмен бірге Патрульдік полиция полкі мен № 9,10,14,24 учаскелік полиция пунктілеріне барды.
Бұл іс-шара барысында депутаттар «Сарыарқа» ауданының ішкі істер басқармасы ғимаратының құрылысын салу және Қалалық полиция департаментінің жеке құрамы мен учаскелік инспекторларды жұмыс үшін қажетті қызметтік үй-жайларымен, компьютерлермен және басқа да техникалық құралдармен қамтамасыз ету мәселелерін тағы да көтерді.
Қалалық полиция департаментінің барлық құрылымдық бөлімшелері ескі ғимараттарда орналасқандығын да атап өтті.
Мәселен, Патрульдік полиция полкі 1964 жылы салынған, ескірген және сүрілуге жататын екі қабатты ғимаратта орналасқан. Полк құрамындағы 747 қызметкер – көшелердегі, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың профилактикасымен және жол қауіпсіздігінің профилактикасымен айналысады.
Қала әкімдігі жер учаскесін бөлді, жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, бірақ қаржыландыру болмағандықтан құрылыс мәселесі әлі де шешімін таппай тұр.
Бірақ та, барлық проблемаларға қарамастан құқық қорғау органдары елордада құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыруда.
Материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту бойынша шаралар қабылдануда екендігі депутаттарға көрсетілді.
Депутаттар елордалық полицияның жұмыс жағдайлары ҚР ІІМ
2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1085 бұйрығымен реттелген стандарттар мен талаптарға сәйкес келмейтіндігіне өз көздерімен куә болды.
№ 24 полиция пункті жатақхананың бірінші қабатында орналасқан, онда жеке кіреберіс жоқ, 8 қызметкер үшін жалпы ауданы 30 шаршы метр болатын екі бөлме бар, ал ұсталған адамдар үшін бөлмелер жоқ.
Нәтижесінде адамдар ортақ кіреберісте тұрып, жатақхана тұрғындарының кіруіне бөгет болуда.
Негізгі санитарлық жағдайлар, дәретханалар жоқ, сондықтан учаскелік инспекторлар, жатақхана тұрғындары және құқық бұзушылар бір санитарлық торапты пайдаланады, осылайша азаматтардың ашуын тудырады.
Тұрғын үй ғимаратының бірінші қабатында бір бөлмеде орналасқан № 9 және № 10 учаскелік полиция пунктілері дәл осындай жағдайда, ғимаратқа зейнеткерлердің ғана емес, кез келген ересек адамның да кіруі қиын.
Полиция қызметкерлерін коммерциялық және спорттық іс-шараларды өткізуге тарту халық қалаулыларын әбден наразы етті.
Бір учаскелік полиция инспекторына 4 мың тұрғыннан келетін, яғни нормативтікке (2300 адам) қарағанда шамамен екі есе асып түсетін күнделікті жүктеменің жоғары болуы учаскелік полиция инспекторларының жұмысына теріс әсер етеді, осыған орай тиісті нормаға жеткізу үшін қосымша 224 штат бірлігі бар 44 жаңа УПП ашу қажет.
Кадрлардың тұрақтамауы мен жинақталмауы, әсіресе учаскелік инспекторлардың қалалық қоғамдық көлікте тегін жүруі түріндегі әлеуметтік топтамалар, санаторийлік-курорттық емдеу, баспанамен қамтамасыз ету және коммуналдық төлемдер мен жалдау ақысын жергілікті бюджет арқылы өтемақы төлеу сияқты қалалық мәслихат сессиясының депутаттарының ұсынымдары қалай жүзеге асырылып жатқандығы да қарастырылды.
Депутаттар қорытындылай келе, елордадағы қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлері лайықты жалақы алып, қолайлы жағдайда жұмыс істеп және әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілуі тиіс екендігін атап өтті.