Елорда мәслихатында азаматтарды қабылдау өтті
19.02.2020
Халық қалаулыларына азаматтар қолдау мен көмек алу үшін өздерінің проблемалық мәселелерімен жүгінеді. Елорда мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты хатшысының м.а. Мәжит Шайдаров өткізген азаматтарды кезекті қабылдауға келушілер де осындай өтініштерін білдірді.
Мәселен, қала тұрғыны Чехов Александр Николаевич бау-бақша үшін жер учаскесін алу проблемасын шешуде жәрдемдесуді сұрады. Өйткені, кез келген қала тұрғыны үшін жазғы саяжай қажеттілік. Демалыс күндері саяжайға барып келсең, өзіңді сергек сезініп, келесі жұмыс аптасына күш-қуатпен кірісесін. Саяжайда ғана сіз толықтай демалып, дене жұмысымен айналысып әрі тынығуға уақыт бөле аласыз. Саяжайдың балалар үшін пайдасы зор екендігі туралы айтпаса да түсінікті. Таза ауаның балалардың денсаулығы мен ұйқысына да әсері керемет.
Мәжит Шайдаров Александр Николаевичтің өтінішін тыңдап болғаннан кейін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берді және қойылған мәселе қаланың атқарушы органдарымен бірге қаралатынын айтты.