Елордалық мәслихатта Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жоспарлы отырысы өтті
13.02.2020
Қалалық мәслихаттың депутаттарына Нұр-Сұлтан қаласындағы жолаушылар тасымалын дамытудың жай-күйі мен болашағы туралы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысы Нұрлан Солтамбеков пен «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сейітов баяндама жасады.
- Бүгінгі таңда қаланың қоғамдық көлік жүйесіне 6 автобус паркі, оның ішінде 1 коммуналдық және 5 жеке автопарк қызмет көрсетеді. Күн сайын маршруттарға 870 автобус шығады, олардың 752-і қалалық маршруттар, 43-і экспресс маршруттар және 75-і қала маңындағы маршруттар. Қоғамдық көліктердегі күн сайын жолаушылар ағыны 787 мыңнан астам сапарды құрайды, - деп хабарлады басқармабасшысы Нұрлан Солтамбеков.
«Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Сейітовтің ақпараты бойынша, қоғамдық көліктердегі қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін қалалық маршруттар желісін жаңғырту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді. Көліктікқолжетімділікке байланысты 10 көшенің проблемалық және жаңа учаскелерінің мәселелер шешілді, олар: Оқжетпес, Қ. Мұхамедханов, Орынбор, Е-22, Жамбыл, 29, 37, Бұқар жырау, Сауран, № 60 өткел; 8-ші аудан: «Жағалау-4», «Агроқалашық», «Ғарыш орталығы», «Ы. Қажы мешіті», «№ 88 мектеп-лицей», «Венский квартал» ТК, «№ 85 мектеп-лицей», «Социум»ТК.
Баяндамалар аяқталған соң халық қалаулылары өзекті сұрақтар қойып, автобус сапарлары арасындағы ұзақ үзілістер, жылы аялдамалар саны, автомобилькептелістері туралы мәселелерді көтерді. Депутат Қарақат Абден 15 жастан 18 жасқа дейінгі оқушыларға арналған жол жүрудің жеңілдікті тарифітуралы сұрақ қойды. Талқылау барысында депутаттар автобустардың қозғалысына егжей-тегжейлі талдау дайындауды және қосымша бағыттар енгізіп,автобус паркін ұлғайтуды ұсынды.
Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының хатшысы м.а. Мәжит Шайдаров «Есіл» сауда үйі ауданындағы Исмаилов және Рамазан көшелеріндегі қозғалысты оңтайландыру мәселесін көтерді. Айта кету керек, бұған дейін елорда әкімдігінің тұрғындары осы көшелердегі қозғалыстың қиын екендігі туралы көптеген шағымдармен жүгінген болатын. Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, аталған учаскелердің жолдардың техникалық жағдайына зерттеу жүргізіп, біржақты қозғалыс енгізу туралы шешім қабылдады.
Мәселені жан-жақты шешу үшін депутаттар бұл мәселеге жүйелі түрде қарауды және біржақтықозғалысты енгізу нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстармен егжей-тегжейлі есеп беруді ұсынды.
Отырыстың қорытындысы бойынша жолаушылар тасымалын жақсарту және дамыту бойынша нақты ұсынымдар қабылданған тиісті қаулы қабылданды.