Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың есеп беру кездесуі
12.02.2020
12.02.2020 г.
«Астана» концерт залында өткен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтың есеп беру кездесуіне 1,5 мыңнан астам адам келді. Аталған іс-шараға қалалық мәслихаттың депутаттары қатысты.
Бұл оқиғаға дейін аудан әкімдерінің есеп беру кездесулері болып өткенін, төрт кездесуге де елордалық қала басшысы қатысқанын айта кету керек.
Алтай Көлгінов өз сөзінде 2019 жылы атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Оның айтуынша, жасалған нәрселер де, жеткен жетістіктер де жетерлік. Шешімі табылмаған мәселелер де бар. Небәрі 22 жылдың ішінде елорданың халқы саны жағынан 400 мыңнан 1,2 млн. адамға дейін жетті.
Жыл сайын қалада 25 мың сәби дүниеге келеді, ішкі көші-қон саны да өсуде. Осы барлық оң өзгерістер бүгінде тұрғын үйлер салуды, балабақшалар, мектептер, денаулық сақтау нысандарының санын көбейтуді, инфрақұрылымды кеңейтуді қажет етеді.
Елорда шенеуніктердің қаласынан іскерлік бизнес қаласына айналды. Алтай Көлгінов атап өткендей жалпы өңірлік өнім табысының жартысын, ал бұл 5 трлн теңгеден асады, бизнес қамтамасыз етеді.
Әкім елорда экономикасының негізгі драйверлерінің бірі ретінде құрылысты атады. Жыл сайын мегаполисте 2 млн-нан астам шаршы тұрғызылады.
Елорданың проблемалық мәселелерінің бірі мектептердегі оқушылардың шектен тыс көп болуы (14) және үш ауысымды оқытудың болуы (8). Кешенді жоспар шеңберінде бес жылдың ішінде 60 мың орындық 50 мемлекеттік мектеп салынады. 24 білім беру нысаны жеке меншік инвестицияға салынбақ. 2025 жылға қарай үш ауысыммен оқу мәселесі шешіледі. Педагогикалық еңбектің қолайлы жағдайларын жасау үшін елордада мұғалімдерге арналған 350 орындық жатақхана салынды, оқытушылық кадрларды дайындауға гранттар бөлінеді.
Негізгі медициналық-әлеуметтік көрсеткіштер оң үрдіске ие. Осылайша, өлім деңгейі 3 пайызға төмендеді. Орташа өмір сүру ұзақтығы 76,2 жасқа жетті. Өмір сүру сапасын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау нысандарының қолжетімділігін бірте-бірте қамтамасыз ету талап етіледі. Тек өткен жылдың өзінде 160 адамды қамтитын 12 нысан ашылды. 2023 жылға дейін олардың саны 51-ге жетеді.
Барлық есеп беру кездесулерінде тұрғын үй қажеттілігіне байланысты мәселелер айтылды. Алтай Көлгіновтың айтуынша, қазір 48 адам кезекте тұр. Өткен жылы кезекте тұрған 2900 адам пәтер кілтін алған. Елордада қолжетімді баспана салу көлемі үш есеге артады. 2020 жылы жалпы ауданы 500 мың шаршы метрден асатын жеңілдетілген тұрғын үй салу жоспарланған, бұл шамамен 8 мың пәтер. 2021 жылы 8,5 мың пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Ұзақ мерзімді құрылыс мәселелері де біртіндеп шешіліп келеді. 2020 жылы олардың саны азаяды және 7800-ден астам үлескерлер өз баспаналарын алады. Сондай-ақ, апатты жағдайдағы үйлер мен ескі үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жалғасуда. Мысалы, өткен жылы 8 ескі үйлердің тұрғындары көшірілген. Барлық тұрғын үй бағыттары бойынша жұмыстар жүйелі негізде жүргізілуде.
Елорданың тұрғын үй алаптарында 100 көше, 5 медициналық мекеме, 6 мектеп, 4 спорттық-сауықтыру кешені жөнделіп, салынады, жылы аялдамалар орнатылады. Сондай-ақ, елорда әкімі есеп беру кездесуінде иесіз желілерге, атмосфераның ластану индексін едәуір төмендетуге үлес қосатын газдандырудың артықшылықтарына, жылумен қамтамасыз етуге, әлеуметтік кеңістіктің дамуына, ерекше адамдарды қолдауға тоқталды.
«Естілетін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып және кері байланыс орнату үшін әкім есеп беру аяқталғаннан кейін сұрақ, жауап түріндегі қарым-қатынас форматына көшті. Залда сұрақ қоям деушілерге арналған 4 микрофон жұмыс істеді. Сондай-ақ, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ ғимаратында болған қала тұрғындары да өз мәселелерін онлайн-режимде айтты. Естілген сұрақтардың басым көпшілігі тұрғын үйлерге, ұзақ мерзімді баспана құрылысына, коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуіне, ТКШ жетілдіруге, жаяу жүргіншілер жолдарында жеке көліктің қауіпті тұрағына, оқушылар мен студенттердің жеңілдікпен жол жүруіне, олимпиада резерві мектебінің құрылысына, паркингтердің, нөсер жүйесінің болмауына, жарнама парақтарын желімдеуде тәртіп орнатуға қатысты болды. Сонымен қатар, адамдар туындаған мәселелерге назар аударғаны үшін, оларды оңтайлы шешкендері үшін, көрсетілген көмек пен қолдау үшін алғыс айтуды ұмытпады, Елордамыздың келбетін жақсарту жөніндегі өз ұсыныстарымен бөлісті.
Сондай-ақ концерт залының холында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды мемлекеттік органдардың өкілдері жүргізді. Есеп беру кездесуі аяқталғаннан кейін, Алтай Көлгінов өзінің жеке қабылдауына жазылған қала тұрғындарын қабылдады.