Қарақат Абден, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты:
08.02.2020
- Қордай оқиғалары салдарынан қайтыс болғандарға шын жүректен қайғырып көңіл айтамын және зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектеспін. Мен барша қазақстандық әйелдер, аналар сияқты жанжалдарды қантөгіспен шешуге қарсымын. Саяси немесе тұрмыстық сипаттағы болсын, кез келген мәселелерді әрқашан бейбіт жолмен шешуге тырысу керек. Президентіміз Қ.Тоқаевтың болған оқиғаны қатаң, шынайы мониторингтеу және кінәлілерді жауапқа тарту туралы тапсырмасын қолдаймын.
Үкіметтің жағдайды тұрақтандыруға, мемлекетімізде бейбітшілік пен этносаралық келісімді сақтауға бағытталған іс-қимылдарын барлық халық болып қолдауға тиіспіз.