Аудан әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулері жалғасуда
03.02.2020
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен өткен «Сарыарқа» ауданының әкімі Ерғали Егембердінің халық алдында есеп беру кездесуінде көптеген сұрақтар мен ұсыныстар айтылды. Кездесуге қалалық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Мәжит Шайдаров, мәслихат депутаттары Сәрсембек Жүнісов, Зулфухар Гаипов, қала әкімінің орынбасарлары, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Сұхбат барысында аудан тұрғындары түйткілді мәселелермен бөлісті. Олардың ішінде баспана, көлік орынтұрақтарының тапшылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және ескі үйлерді сүру, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға жағдайлар жасау, аулаларды абаттандыру мәселелері бар.
Ерғали Егемберді өз баяндамасында атқарушы биліктің ашықтығына тоқталды. Кері байланыс арқасында көптеген проблемалық мәселелер шешілді. Мәселен, әлеуметтік желілерде аудан әкімдігінің 20 мыңнан астам жазылушысы бар. Есеп беру уақытында «IKOMEK109» жүйесі 14 мыңға жуық өтінішті қарады, екі мыңнан астам азамат қабылдауға келді. «Ашық әкімдік» форматы да кеңінен қолданылуда. Жергілікті бастамаларды қолдауға бағытталған екі пилоттық жоба – «Сити-менеджер», «Бюджетке қатысу» оң нәтижелерін берді. Аудан тұрғындары бөлінген бюджет қаражатын қайда жіберуді өздері шешуде.
Жыл сайынғы «Жасыл аула» байқауында ең белсенді және жігерлі тұрғындардың әрекетшілділігі атап өтілді. Осылайша, аулалар абаттандырылды, аула клубтары құрылды.
Аудан әкімдігі өз қызметінде өрт сөндіру қызметіне, ашық құдықтар мәселесіне, ескірген тұрғын үйлерді сүруге, автобус қозғалысына, жол құрылысына, ПИК қызметіне, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға жағдайлар жасау мәселелеріне назар аударады. Ауданда көру қабілеті бұзылған балаларға арналған 90 орындық балабақша салынуда. 2019 жылы «№5 отбасылық денсаулық орталығы» ашылды.
«Сарыарқа» ауданы басшылығы барлық айтылған сұрақтар мен ұсыныстарды назарға алды және шешім қабылдау үшін бақылауға алды.