Ташенов көшесінде орналасқан үйдің тұрғындары Людмила Дзюба және Владимир Громов Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы Мәжит Шайдаровтың жеке қабылдауында болды
31.01.2020
Ұжымдық өтінішке елордалық мейрамханалар бірінің тәулік бойы қызмет етіп, тыныштықты бұзуы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп болды.
Нысан иелері үйге ортақ газгольдердің барына қарамастан, газға арналған өз сыйымдылығын орнатты. Үй тұрғындары екі рет жануды бастан кешірді. Сол жағдайлардың бірінде, оларды түннің ортасында көшіруге тура келді. Осы күрделі мәселелер бойынша үйдің тұрғындары бірнеше мемлекеттік мекемелерге жүгінген. Алайда осы күнге дейін ешқандай пәрменді шаралар қабылданбады.
Кездесудің соңында Мәжит Зейноллаұлы аталған өтініш бойынша тиісті мемлекеттік органдарға жазбаша сұрау салу дайындалатынын айтты.