Елорда мәслихатында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Серік Жақсыбековтың Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпорын мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелерімен кездесуі өтті
16.01.2020
Аталмыш кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті мен қалалық мәслихаттың өзара ықпалдастық дамыту жөніндегі маңызды сұрақтар қарастырылды. Депутаттар Заң жобасын қалыптастыру және оның халыққа әсері жөнінде көптеген өзекті мәселелерді талқылады.
Өзара сұхбат барысында С.Жақсыбеков Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Заң шығару жұмысының барысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, оның ішінде білім, денсаулық, коммуналдық – шаруашылық жөнінідегі заңнамаларды қарастыру барысына жан-жақты тоқталды.
Біздің басты міндетіміз қабылданған Заңдардың өміршеңдігіне және орындалу барысына бақылау жасау, нақты жағдайдын өзгеруіне орай кері байланысты орнату жұмыстарын сапалы жүргізу, деп атап өтті С.Жақсыбеков.
Сонымен қатар Сенатор қалалық мәслихат депутаттарына бюджетті қалыптастыру үдерісін реформалау бойынша жұмысты бірлесе атқаруды ұсынды, жергілікті атқарушы органдар алдымен стратегиялық жоспарларды құрып, одан кейін ғана бюджетті қалыптастыру қажеттілігі туралы баса айтты.
Өз кезегінде қалалық мәслихат депутаттары өзекті ұсыныстарын және маңызды мәселелерді егжей-тегжейлі айтты. Айталық, қалалық мәслихат депутаты Ақылбек Күрішбаев ғылыми-техникалық жұмысты жаңдандыру және ғылыми зерттеулердің тиімділігі туралы, жоғары оқу орындарында ғылыми немесе ғылыми-техникалық зерттеулердің қажеттілігі жайлы мәселелерді көтерді. Ал қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекенов баяндамасында краудфантинг саласын дамыту, яғни бизнесті дамытуға қаржы тарту, өнімді өткізу және т.б. өзекті сұрақтарға тоқталды, өз кезегінде депутат Зейнулла Шибкенов қаланың шеткі аумақтарын дамыту туралы мәселені көтеріп, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Серік Жақсыбековтың бюджет жайлы айтқан ұсынысын қолдады.
Кездесу соңында С.Жақсыбеков бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру жөнінде жаңа шешімдерді іздестіру қажеттілігі туралы, өзара байланысты нығайту мақсатында Сенат қабырғасында дөңгелек үстелді өткізу туралы, «Сенат және Мәслихат» веб-порталы арқылы Заң жобаларына ескертперлер мен қосымшаларды бағыттау бойынша өз ұсыныстарын жасады.
Кездесу қорытындысы ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С.Жақсыбеков және мәслихат депутаттары «Astana Ютария Ltd» өңдірістік –инновациялық компаниясында және «iQala» қызмет көрсетудің бірыңғай Орталығында болып, кәсіпорындардын жұмыс барысымен және болашақтағы даму жоспарларымен танысты.