Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия қызметінің негізгі бағыттары
- Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес Астана қаласы мәслихатының қарауына енгізілетін құрылыс, қаланың бас құрылысы, қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану, мемлекеттік тұрғын үй қорын пайдалану, халыққа көліктік және тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету мәселелері, төлемақы мөлшерлемелерінің жобалары бойынша қорытындыларды қарайды және береді.
- Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жеңілдіктер белгілеу, жер қатынастарын реттеу жөнінде ұсыныстар енгізеді.
- Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, Астана қаласының аумағын абаттандыру мәселелері бойынша Қағидаларды және бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген басқа да міндетті Қағидаларды әзірлеуге қатысады.