Әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия қызметінің негізгі бағыттары
- Астана қаласы мәслихатының қарауына әлеуметтік даму, халықты жұмыспен қамту, ғылым, білім, мәдениет, спорт, ұлтаралық қатынастар, жастар саясаты мәселелері, ардагерлер, мүгедектер, әйелдер істері, отбасын, ана мен баланы қорғау, тілдерді дамыту, діни конфессиялар мәселелері бойынша заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және басқа да заңнамалық актілерді іске асыруға байланысты жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
- Әлеуметтік-мәдени даму бағдарламаларын әзірлеуге қатысады, Астана қаласы мәслихатының сессияларында бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді тыңдау туралы ұсыныстар енгізеді.
- Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау мәселелері бойынша Астана қаласы мәслихаты сессияларының қарауына енгізілетін мәселелерді қарайды және қорытындылар береді.
- Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды.