Заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия қызметінің негізгі бағыттары
- Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық қорғау органдарының қызметі, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл, азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау бойынша басқа да заңнамалық актілерді орындау мәселелері бойынша сессиялардың қарауына ұсыныс енгізеді.
- Қоғамдық тәртіпті нығайту және елордадағы қылмыстың алдын алуды күшейту, азаматтарға құқықтық тәрбие беру бойынша жоспарлар мен бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады.
- Мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың лауазымды тұлғаларын Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімдерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды тиісті органдарға ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастыру бөлігінде қалалық мәслихаттың құзыретін қамтамасыз етеді.
- Қолданыстағы заңнамаға сәйкес оған толықтырулар мен өзгертулер енгізіп, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының Регламентін әзірлеуге қатысады.
- Бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған міндетті Ережелерді әзірлеуге қатысады және олардың сақталуын бақылайды.
- Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құзыретіне жатқызылған және қалалық мәслихатқа ұсынылған заңның үстемдігін, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қорғауды, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың басқа мәселелерін дайындауға қатысады.
- Қаланың қоғамдық кеңесімен, саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.