Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия қызметінің негізгі бағыттары
- Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының сессияларында экономикалық реформа, қаржы және салық саясаты, өнеркәсіп, кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жоспарлары мен бағдарламаларына байланысты мәселелерді қарау бойынша ұсыныстар енгізеді.
- Қаланың экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларының жобалары, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша қорытындылар дайындайды, олардың орындалуы туралы есептерді тыңдау жөнінде ұсыныстар енгізеді.
- Материалдарды қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес несие алу туралы шешімдер қабылдауға құқылы.
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тексеру комиссиясынан елорда бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұратады.