«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін осы мемлекеттік органның барлық мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру
17.06.2019
"Нұр-Сұлтан қаласы мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-2 санаты бойынша:
Жоғары білім.
Келесі құзыреттердің болуы: стресс тұрақтылығы, бастамашылдық, жауапкершілік, қызмет тұтынушысына бағдар беру және оны ақпараттандыру, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешімдер қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару.
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, мемлекеттік органдар болып табылмайтын ұйымдардың басшы лауазымдарында жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
min |
max |
|
D-3 |
163 166 |
220 682 |
"Нұр-Сұлтан қаласы мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, пошта мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 213 кабинет анықтама телефоны: 8 (7172) 55-66-37, факс: 55-72-94, e-mail: maslihat_org@mail.ru) «Б»корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін осы мемлекеттік органның барлық мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.
1. "Нұр-Сұлтан қаласы мәслихат аппараты" ММ басшысының орынбасары, D-2 санаты, 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім беру,гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес,жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар,қызмет көрсету салаларындағы жоғары білім.
Функционалдық міндеттері: Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиялары кураторларының қызметін бақылауды қамтамасыз етеді. Қалалық мәслихат аппараты мамандарының қызметін үйлестіреді, қалалық мәслихат пен комиссиялардың жалпы жұмыс жоспарын қалыптастырады. Депутаттардың сауалдары мен ұсыныстарының, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Қалалық мәслихаттың сессияларын ұйымдастыру-техникалық дайындауға және өткізуге қатысады.Депутаттарға олардың жұмысын ұйымдастыруға, мәслихат депутаттарының сайлаушыларды қабылдауына практикалық көмек көрсетеді, лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да міндеттерді атқарады.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі-Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттар ұсынылған күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін не дұрыс емес мәліметтерді ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) бере алады.
Басшы лауазымдарға үміткер кандидаттар конкурстық комиссия айқындайтын тақырыптардың біріне бір эссе жазады. Комиссия эссені "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 4-қосымшасында айқындалған параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазу уақыты 45 минуттан аспауы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды конкурс жариялаған мемлекеттік органға электрондық түрде "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесі немесе "Е-gov" электрондық үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынады.
Құжаттарды электрондық түрде мемлекеттік органның электрондық поштасына ұсынған кезде олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын ұсынылады.
Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкурстық комиссиямен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде "Нұр-Сұлтан" қалалық мәслихат аппараты " ММ-де өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Әңгімелесу процесінде байқаушылар кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушылардың конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауына, кандидаттардың дербес деректеріне, кандидаттар қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жария етуіне, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.