«Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау
17.07.2024
«Астана қаласы мәслихатының аппараты» ММ мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы мәліметтер
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 18.07.2024-24.07.2024 ж.
Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу: 25.07.2024 ж.
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 29.07.2024 ж.
Әңгімелесу: 01.08.2024 ж.
Анықтама телефоны: 87172 55-66-37
D-4 санаты үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693 тенге
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазымның атауы:
«Астана қаласы мәслихатының аппараты» ММ бас маманы, D-4 санаты», (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос; уақытша болмаған қызметкердің шығу күні 01.11.2025 ж.).
Функционалдық міндеттері:
Астана қаласы мәслихатының (бұдан әрі – Мәслихат), оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз етеді. Мәслихат қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады: мәслихат сессияларының отырыстарында және оның органдарында Астана халқының мүдделерін білдіретін мәслихат депутаттарының сын ескертпелері мен ұсыныстары бойынша сұрау салуды жүзеге асырады, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы және аумақтық мемлекеттік органдардың оларды орындауы бойынша талдау жүргізеді; мәслихат депутаттарының рейтингісін жасайды (олардың қызметінің көрсеткіші: мәслихат өткізетін отырыстарға қатысу, азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру және т.б.); өткізілген сессиялардың, тұрақты комиссиялардың бірлескен және бейіндік отырыстарының, депутаттар Күндерінің, жария тыңдаулардың, семинарлардың, дөңгелек үстелдердің және Мәслихаттың басқа да іс-шараларының жиынтық есебін жүргізеді.
Қалалық мәслихат депутаттарының іс-шараларға қатысуын есепке алуды; жалпы жинақтауды қамтамасыз етеді, мәслихат депутаттарының, оның ішінде мәслихат төрағасының барлық ұсынымдарының тізілімін жүргізеді, сондай-ақ олардың орындалуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі уәкілетті тұлға болып табылады. Заңды және жеке тұлғалардың Мәслихат, оның органдары мен депутаттары қызметінің мәселелері бойынша өтініштерін және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функцияларды қарайды.
Білім беру бөлігіндегі талап:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім салаларында:
Бизнес, басқару және құқық (халықаралық құқық, құқықтану, құқық, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару)
Педагогикалық ғылымдар (тарих, құқық және экономика негіздері мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті)
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Шағымдану тәртібі
Кандидаттар конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібімен шағымдана алады.