«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
19.09.2022
«Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
Барлық конкурс қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-3 санаты үшін:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
3) А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда №14542 болып тіркелген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығына сәйкес.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары, тг.
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты санаты |
|
D-3 |
min |
max |
263131 |
302255 |
«Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 218-кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 55-66-37, факс 55-72-94, e-mail: maslihat_org@mail.ru) келесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
- «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-әкімшілік жұмысы бөлімінің бас инспектор-бухгалтері (D-3, 1 бірлік)
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес салаларындағы жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім.
Функционалдық міндеттері: Шығыстар сметасының орындалуының бухгалтерлік есебін жүргізеді, банктік құжаттарды ресімдейді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппаратында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың негізгі кешенін жүзеге асырады. Мемлекеттік сатып алу www.goszakup.gov.kz. веб-порталында жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мәслихат аппаратын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, қалалық мәслихат аппаратының теңгеріміндегі материалдық құндылықтардың есебін, сақталуын жүргізеді. Жыл сайын тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуді жүргізеді және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (нысан қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін үш жұмыс күні ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 218-кабинет, e-mail: maslihat_org@mail.ru) тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарлама телефон арқылы, қатысушылардың электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етілген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде, Нұр-Сұлтан қаласында, Бейбітшілік көшесі, 11, 220-кабинетте әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.