«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
18.03.2021
«Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-4 санаты үшін:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің болуы: сабырлылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызметтегі өтілі бір жылдан кем емес;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде жұмыс істейтін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтау;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық жалақысы, тг.:
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты санаты:
D-4 |
min |
max |
116 623 |
157 326 |
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты мемлекеттік мекемесі (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 218-кабинет, анықтама телефоны: 8 (7172) 55-66-37, факс 55-72-94, e-mail: maslihat_org@mail.ru, рұқсат етілген файл өлшемі – 40 мегабайт) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды.
- «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» ММ бас маманы», D-4 санаты, 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: білім, құқық, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, қызметтер салаларында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Функционалдық міндеттері: Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты депутаттарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауы бойынша бақылауды жүзеге асырады. Мәслихат хатшысының барлық тапсырмаларының және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының тұрақты комиссиялары шығарған ұсынымдардың (тапсырмалардың) жалпы жинақталуын қамтамасыз етеді, тізілімін жүргізеді, сондай-ақ олардың орындалуына жалпы бақылау жасайды. Мәслихат депутаттары және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппарат басшысы өткізетін отырыстардың, кездесулердің, кеңестердің және басқа да іс-шаралардың өткізілуін ақпараттық және талдамалық қамтамасыз етуді және сүйемелдеуді, лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі - қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшірмелері.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісім) қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісім) қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидатта («Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда) мынадай құжаттардың болуын тексереді:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар, жарияланған лауазым санаты үшін тестілеу бағдарламасы бойынша қолданыстағы сертификат;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытынды.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және заңның 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға мынадай құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) Құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта тиісті персоналды басқару қызметі растаған қызметтік тізім. Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы ұсынған кандидаттарға конкурстық комиссияның хатшысы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясы хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық почта мекенжайына электрондық түрде ұсынған кандидаттарға қолхат кандидаттың электрондық почта мекенжайына электрондық түрде жіберіледі.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» ММ-де (Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 218 кабинет, сағат 08.30-дан 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» ММ-не құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Хабарлама телефон арқылы не қатысушылардың электрондық мекенжайлары мен мобильді телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» ММ ғимаратында (Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 218 кабинет) өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурстық комиссия отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурстық комиссия отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу кезінде сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.