«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс туралы хабарландыру
26.10.2020
«Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі
Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-2 санаты бойынша:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2,
E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
Санаты еңбек сіңірген жылдарына байланысты:
D-2 |
min |
max |
163 166 |
220 682 |
«Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 218-кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (7172) 55-66-37, факс 55-72-94,e-mail: maslihat_org@mail.ru, рұқсат етілген Файл мөлшері-40 мегабайт) осы мемлекеттік органның барлық мемлекеттік қызметшілері арасында "Б"корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды.
- «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты» ММ басшысының орынбасары, D-2 санаты, 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, қызмет көрсету салаларындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Функционалдық міндеттері: Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі; әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының жұмысын ұйымдастырады. Қалалық мәслихат аппараты мамандарының қызметін үйлестіреді, қалалық мәслихат пен комиссиялардың жалпы жұмыс жоспарын қалыптастырады. Депутаттардың сауалдары мен ұсыныстарының, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Қалалық мәслихаттың сессияларын ұйымдастыру-техникалық дайындауға және өткізуге қатысады. Депутаттарға олардың жұмысын ұйымдастыруға, мәслихат депутаттарының сайлаушыларды қабылдауына практикалық көмек көрсетеді, лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да міндеттерді атқарады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Өтініш;
2) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысандағы 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысан бойынша толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы кандидатта (Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда) мыналардың бар болуын тексереді:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды, жарияланған лауазым санаты үшін тестілеу бағдарламасы бойынша шекті мәннен төмен емес нәтижемен заңнаманы білуге тестілеуден өткені туралы сертификат;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жарамды шекті мәннен төмен емес нәтижемен жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қорытынды.
Ереженің 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға жол беріледі.
Бұл ретте Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер мен заңның "Қазақтан Республикасның мемлекеттік туралы» 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адам мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Өтініш;
2) тиісті Персоналды басқару қызметі құжаттарды ұсыну күніне дейін бір айдан аспайтын мерзімде растаған қызметтік тізім.
Қолма-қол немесе пошта арқылы толық құжаттар пакетін ұсынған кандидаттарға конкурстық комиссияның хатшысы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Толық емес құжаттар пакетін ұсыну конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық пошта мекенжайына берген кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар жеті жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс, ол "Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 2-қабат, каб.218.) конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттарды әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысы персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) не персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдағаннан кейін келесі жұмыс күні өткенге дейін және әңгімелесу өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей хабардар етеді. Хабарлама телефон арқылы қатысушылардың электрондық мекен-жайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны "Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 2 қабат, каб.218) өтеді. кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жібереді.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден төмен емес Қазақстан Республикасының азаматтары, соның ішінде, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.