Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру үдерісінің тоқтатылғаны туралы хабарландыру
19.01.2022
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты (әрі қарай-Мәслихат) Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру үдерісінің тоқтатылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты, Мәслихат коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен азаматтар арасынан Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау жөніндегі конкурсқа қатысу үшін бұрын жарияланған құжат қабылдауды (а.ж.12-25 қаңтар) тоқтатады.
Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру үдерісінің қайта жанданғаны туралы Мәслихатпен тиісті хабарландыруды орналастыру арқылы қосымша хабарланады.
Нұр-Сұлтан қаласы
мәслихатының хатшысы Е. Каналимов