Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы хабарлайды:
11.03.2022
Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) отырыстары:
2022 жылғы 15 наурыз сағат 14.00-де
2022 жылғы 16 наурыз сағат 14.00-де
2022 жылғы 17 наурыз сағат 14.00-де
Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 221 кабинет мекенжайы бойынша өтеді.
Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі - Қоғамдық кеңес) мүшелігіне кандидаттарды әңгімелесуге қатысу үшін жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша келулеріңізді сұраймыз. Әрбір үміткерге күні мен уақыты жеке хабарланатын болады.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұсынымдарына және Жұмыс тобының хаттамасына сәйкес мынадай бағалау критерийлері айқындалды:
1 |
Мәліметтер, білім деңгейі (біліктілігі, мамандығы) |
2 |
Қоғамдық немесе қайырымдылық қызметке қатысу не өзге де консультативтік-кеңесші органдарға мүшелік (қатысу) тәжірибесінің болуы |
3 |
Коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік органының, квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіне қатысу тәжірибесінің болуы |
4 |
Қоғамдық кеңестердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі |
5 |
Белгілі бір жетістіктердің, көтермелеулердің, наградалардың болуы |
6 |
Азаматтық қоғамдағы, оның ішінде ҮЕҰ өкілдігі |
7 |
Қоғамдық кеңестер мүшелігіне кандидаттардың Қоғамдық кеңес жұмысына сараптамалық сүйемелдеу ұйымдастыруға даярлығы |
8 |
Кандидатпен әңгімелесу (сұхбат) өткізу барысында айқындалатын адамгершілік, ұйымдастырушылық, іскерлік қасиеттері, коммуникативтік дағдылары |
Қоғамдық кеңес құрамына кандидаттарда өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.
Анықтама үшін телефондар: 55-66-37, 55-66-31
Жұмыс тобы отырысының күн тәртібі:
- Әр үміткермен әңгімелесу өткізу және бағалау парағын толтыру