Мещеряков Илья Николаевич
№15 сайлау округі
Мещеряков Илья Николаевич 1982 жылғы 5 желтоқсанда туды. 2004 жылы АҚШ университетін аяқтады (Eastern Kentucky University, Richmond, Kentucky), бұнда маркетинг, менеджмент және сауданы стратегиялық дамыту мамандығы бойынша жоғары білім алды (Bachelor of Business Administration (Marketing).
Еңбек қызметін 1999 жылы «Цесна-Астық» концерні» ЖШС 3 санатты элеватордың слесарі ретінде бастады. 2002-2009 жылдар аралығында «Цесна-Астық» концерні» ЖШС маркетинг бөлімінің менеджері, маркетинг және өнімді ілгерілету қызметінің менеджері, «Астықжан» ЦТ ЖШС маркетинг жөніндегі директоры, бас директоры болып жұмыс істеді. 2009-2012 жылдары «Цесна-Астық» концерні» ЖШС Маркетинг және сату басқармасы төрағасының кеңесшісі, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды. 2012-2015 жылдар аралығында - «Цесна-Астық» концерні» ЖШС уәкілетті тұлғасы, бас директоры, Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі.
Қазіргі уақытта «Бөлшек сауда компаниясы қауымдастығы» ЗТҰ атқарушы директоры лауазымын атқарады.
Үйленген, ұлы мен қызы бар.
2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Телефон: 70-05-00
Е-mаil: i.mechsheryakov@gmail.com