Табулдина Алтыншаш Жұмашқызы
№8 сайлау округі
Табулдина Алтыншаш Жұмашқызы 1968 жылғы 16 қазанда туды.
1992 жылы педиатр дәрігері мамандығы бойынша Целиноград мемлекеттік медициналық университетін аяқтады.
Еңбек қызметін Целиноград қалалық балалар ауруханасында бастады. Целиноград қаласының № 1 қалалық балалар ауруханасында педиатр дәрігер, Астана қаласының «СВА – академия» ЖШС бас дәрігері, № 1 қалалық балалар ауруханасының 6 емханалық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 2007 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін «№ 5 қалалық аурухана» ШЖҚ-дағы МКК бас дәрігері болып жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі /2010/. 2013 жылы «Қазақстан мәртебесі» орденімен марапатталды.
Екі баласы бар.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Телефоны: 28-90-16, 28-95-23
E-mail: tabuldina.altynshash@gmail.com
Басылым: