Жунусов Сәрсембек Ендібайұлы
№7 сайлау округі
Жунусов Сәрсембек Ендібайұлы 1960 жылғы 30 наурызда дүниеге келді. 1982 жылы «Архитектура» мамандығы бойынша Алматы сәулет-құрылыс институтын аяқтады, 1989 жылы «Қала құрылысы» мамандығы бойынша Мәскеу сәулет институтын аяқтады.
Еңбек қызметін 1982 жылы «Алмаатагипрогор» МЖИ сәулетші, аға сәулетші, жетекші сәулетші ретінде бастады. 1988-1996 жылдар аралығында «Алмаата бас жоспары» МКК топ басшысы, топтың меңгерушісі, жобалардың бас сәулетшісі, бөлім басшысы, шеберхана басшысы болып жұмыс істеді. 1996-2012 жылдар аралығында сәулет және қала құрылысы саласында басшылық лауазымдарын атқарды,оның ішінде: Ақмола қаласының «Ақ-Орда» ПСК жобалардың бас сәулетшісі, шеберхана басшысы, «Астана бас жоспары» МКК бас сәулетшісі, «Елорданы тұрақты дамыту орталығы» МКК бас сәулетшісі, «Билд Инвестментс Групп» АҚ бас сәулетшісі, «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ бастығы.
2015 жылдың наурызынан бастап «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры лауазымын атқарады.
Қазақстан қала құрылысшылары елордалық одағының президенті. Қазақстанның құрметті сәулетшісі (2005ж.). Қазақстан Республикасы көркемөнер академиясының академигі (2010 ж.). Мәскеудегі халықаралық сәулетшілер академиясының академигі (2012ж.). Шығыс елдерінің Халықаралық сәулетшілер академиясының корреспондент мүшесі. 2008 жылғы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының әдебиет және өнер саласындағы лауреаты – Астана қаласындағы «Дөңгелек алаң» сәулет кешені үшін (2008 ж.).
Мемлекеттік наградалары бар:
- «Құрмет» орденімен (2011ж.),
- «Ерен еңбегі үшін» (2005ж.) медалімен,
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001ж.)., «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005ж.)., «10 жыл Астана» (2008ж.) мерейтой медальдарымен марапатталған.
Үйленген, екі ұлы бар.
2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Телефоны: 39-11-40
E-mail: s.zhunussov@gmail.com