1982 жылы Целиноград мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін, 2001 жылы экономист менеджер мамандығы бойынша «Тұран» университетін аяқтады.
Еңбек қызметін медициналық институттың аға лаборанты лауазымынан бастады. Фармокология және жұқпалы аурулар кафедраларында ассистент, доцент лауазымдарын атқарды. 1997-2000 жылдары Астана қаласының Жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді. Медициналық институтта жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының доценті лауазымын қоса атқарды.
2000-2009 жылдары Астана қаласы Денсаулық сақтау департаментінің директоры, Астана қаласының № 1 қалалық ауруханасының бас дәрігері, Қарағанды облысының Денсаулық сақтау департаментінің директоры, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2010 жылдың қарашасында 2019 жылдың қаңтарынға дейін «Астана Медициналық университеті» АҚ ректоры – Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.
2019 жылдың ақпан айында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Директорлар Кеңесінің
Төрағасы болып тағайындалды.
Медициналық ғылымдар докторы, профессор. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау үздігі /2002/. Бірқатар оқулықтардың бірлескен авторы, 100-ден астам ғылыми жарияланымның, 2 монографияның авторы, «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатының дәрігері болып табылады.
- «Құрмет»/2013/, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері»/2005/ ордендерімен,
- «Астана қаласына 10 жыл»/2008/,
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» /2001/,
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»/2011/,
- «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» /2015/ мерейтой медальдарымен марапатталған.
«Нұр Отан» партиясының мүшесі.
2016 жылы алтыншы шақырылым Астана қаласы мәслихатының депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы.
Телефон: 53-95-42, +7 707-434-14-09
E-mail: m.shaidarov@list.ru