
Ажикенова Мәдина Берікболқызы
1980 жылы 10 мамырда Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген.
Білімі:
- «Тұран» университеті (2000 ж.), Алматы қаласы, үздік диплом, «Қаржы және несие» мамандығы, «Экономист» біліктілігі.
- Қарағанды Центрсоюз кооперативтік институты, Астана қаласындағы филиалы (2015 ж.), «Құқықтану» мамандығы.
- Еуразия гуманитарлық институты, (2019 ж.), Астана қаласы, «Тәрбиеші» мамандығы.
Еңбек қызметі:
- 2002 - 2004 жж. – «Қазақмыс» АҚ корпорациясы филиалының Балқаш тау-кен металлургия комбинатының ТЖО жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы;
- 2005 - 2006 жж. – «Валют Транзит Банк» ЖШС бухгалтериясының бас маманы, Қарағанды қаласы;
- 2006 - 2008 жж. – «Қазкоммерцбанк» АҚ Ақмола филиалының № 15/2 ҚБ мәмілелер жасасу бөлімінің бастығы;
- 2008 - 2009 жж. – «ҚазАгроИнновация» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің бюджеттік жоспарлау жөніндегі менеджері;
- 2010 - 2013 жж. – «Тұлпар-НТ» ЖШС құрылыс компаниясының менеджері;
- 2013 - 2022 жж. – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қаржы басқарушысы;
- 2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Медина» және «Медина 2» жеке балабақшаларының құрылтайшысы.
Мемлекеттік наградалары, мерейтойлық медальдары:
- «Белсенді қызметі үшін» медалі (2023 ж.).
Қосымша ақпарат:
- «Рухани» бастауыш партия ұйымының басшысы, «Акселератор Добра», Астана Адалдық Алаңы, Antikor Ortalygy жобаларының үйлестірушісі.
- Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.
Отбасылық жағдайы:
Бойдақ, ұлы бар.
Партиялық тиістілігі:
«AMANAT» партиясының мүшесі.
2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласының VIII сайланым мәслихатының депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі (30.03.2023 ж. бастап 14.02.2025 ж. дейін)
Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі (14.02.2025 ж.)
Телефоны: +7-701-940-71-00
E-mail: m.azhikenova@maslihat01.kz