Байсеркина Динара Сәтжанқызы
1974 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысында дүниеге келген.
Білімі:
- Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы (1997 ж.), «Емдеу ісі» мамандығы, дәрігер.
- Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (2010 ж.), «Құқықтану» мамандығы, құқықтану бакалавры.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (26.02.2011 ж., № 2 хаттама), Медициналық ғылым кандидаты.
- Қазақ медицина университеті, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі (28.04.2020 ж.), «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы, денсаулық сақтау магистрі.
Еңбек қызметі:
- 18.08.1997 ж. - 05.01.1998 ж. - Қарағанды қаласы, Өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталықтың акушер-гинеколог дәрігері;
- 05.01.1998 ж. - 09.09.1998 ж. - Қарағанды қаласы гинекологиялық бөлімшесінің акушер-гинеколог дәрігері;
- 01.09.1998 ж. - 26.10.1999 ж. - Булаев ОАА отоларинголог дәрігері, Булаев қаласы, СҚО;
- 01.11.1999 ж. - 27.03.2000 ж. - СҚО Петропавл қаласы, перинаталдық орталықтың оңалту бөлімшесінің акушер-гинеколог дәрігері;
- 16.11.2000 ж. - 23.11.2004 ж. – «Демеу» модельді отбасылық дәрігерлік амбулаториясы МКҚК акушер-гинеколог, Астана қаласы;
- 23.11.2004 ж. - 02.08.2006 ж. – Каир қаласы (Египет) Әкімшілік-шаруашылық мәселелер бойынша референт, жұбайының жұмысына байланысты тұрған;
- 19.09.2006 ж. - 04.11.2006 ж. – «Оқ-Жетпес санаторийі» АҚ гинеколог дәрігері, Бурабай;
- 13.11.2006 ж. - 05.04.2010 ж. – «Демеу» модельді отбасылық дәрігерлік амбулаториясы МКҚК акушер-гинеколог, Астана қаласы;
- 05.04.2010 ж. - 05.01.2011 ж. – Жастар денсаулық орталығының меңгерушісі, Астана қаласы;
- 05.01.2011 ж. - 14.02.2012 ж. – Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің меңгерушісі, Астана қаласы;
- 15.02.2012 ж. - 14.01.2013 ж. – «Медикер» ЖШС медициналық орталықтарының жұмысын ұйымдастыру департаментінің директоры, Астана қаласы;
- 01.02.2013 ж. - 26.01.2015 ж. – «Астана қаласы әкімдігінің № 6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК ақылы бөлімшесінің меңгерушісі;
- 26.01.2015 ж. - 11.01.2016 ж. – «Астана қаласы әкімдігінің № 6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігерінің балалық және босандыру жөніндегі орынбасары;
- 11.01.2016 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Астана қаласы әкімдігінің № 6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК директоры.
Мемлекеттік наградалары, мерейтойлық медальдары:
- «Халық алғысы» медалі (2021 ж.), «Шапағат» медалі (2021 ж.).
- «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2010 ж.)
- «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» (2019 ж.)
- «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» (2022 ж.) төсбелгілері.
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021 ж.), «Ақ жол» ҚДП «Жанқиярлық күресі үшін» (2020 ж.), «Aqniet» салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік одағының медальдары.
Қосымша ақпарат:
- Елордалық мәслихаттың VII сайланымының депутаты болған.
- Қазақ, орыс тілдерін меңгерген.
Отбасылық жағдайы:
Ажырасқан, екі баласы бар.
Партиялық тиістілік:
«AMANAT» партиясының мүшесі.
2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласы мәслихаты VIII сайланымының депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Телефоны: +7-702-393-34-09
E-mail: d.baiserkina@maslihat01.kz