Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Ерғалиев Талғат Файзоллаұлы

1966 жылы 15 шілдеде Целиноград облысы Қорғалжын ауданы Жантек ауылында дүниеге келген.

Білімі:

  • Целиноград ауыл шаруашылығы институты (1991 ж.), «Ауыл шаруашылығы» мамандығы.

Еңбек қызметі:

  • 1983 - 1984 жж. – «Путь Ленина» совхозының механизаторы;
  • 1991 - 1992 жж. – ҚазАТУ оқытушысы, Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті деканының орынбасары;
  • 1993 - 1999 жж. – сауда компаниясының директоры;
  • 1999 - 2001 жж. – Қарашығанақ кен орнында құрылыста әртүрлі лауазымдарда еңбек қызметі;
  • 2002 - 2003 жж. – «Біржолғы талондар беру орталығы» МКК директоры;
  • 2003 - 2004 жж. – «Металлстройсервис» ЖШС директоры;
  • 2004 жыл – құрылыста жоба менеджері;
  • 2007 - 2010 жж. – құрылыс компаниясының басшысы;
  • 2012 жылғы қыркүйектен 2016 жылғы наурызға дейін - Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің V сайланым депутаты;
  • 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ төрағасы.

Мемлекеттік наградалары, мерейтойлық медальдары:

  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл»
  • «Қазақстан Конституциясына 20 жыл»
  • «Атамекен» ҰКП «Іске адалдығы үшін»
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдары.
  • Қазақстан Республикасы Президентінің грамотасы (2011 ж.)
  • «Атамекен» ҰКП алғыс хаты (2019 ж.).
  • «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» төсбелгісі.

Қосымша ақпарат:

  • Тоғыз марафонға және үш супермарафонға қатысқан: «Астана – Алматы» (2018 ж.), «Нұр-Сұлтан – Түркістан» (2019 ж.), Астана – Орал (2021 ж.).
  • 2015 жылы «Астана – Марафон» бірінші халықаралық марафонында 42,2 км қашықтыққа жүгірген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тарихындағы алғашқы депутат.

Отбасылық жағдайы:

Үйленген, үш баласы бар.

Партиялық тиістілік:

«AMANAT» партиясының мүшесі.

2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

Телефоны+7-701-588-20-55

E-mailt.yergaliyev@maslihat01.kz

Депутатқа сұрақ қою
Ваш вопрос не отправлен.
Спасибо за ваш вопрос!
Тегі, аты, әкесінің аты жолы толтырылмаған.
Email жолы қате толтырылған.
Сұрақ жолы толтырылмаған.