Зейнұлқабден Табиғат
1974 жылы 3 қазанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңатлек ауылында дүниеге келген.
Білімі:
- С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті (1998 ж.), «Экономист-менеджер» мамандығы;
- М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университеті (2002 ж.), «Құқықтану» мамандығы;
- М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (2002 ж.), «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы.
Еңбек қызметі:
- 03.01.1996 ж. - 18.10.2002 ж. – «Целинстрой» ЖШС жабдықтау инженері, Ақмола қ.;
- 08.11.2002 ж. - 16.01.2004 ж. – «Қарағанды Жылу» ЖШС БЭ БПП бастығының орынбасары, Қарағанды қ.;
- 19.01.2004 ж. - 30.11.2005 ж. – «Қар МұнайТрейдинг» ЖШС директоры, Қарағанды қ.;
- 01.12.2005 ж. - 13.01.2009 ж. – «Қарағанды Су» ЖШС атқарушы директоры, Қарағанды қ.;
- 15.01.2009 ж. - 01.12.2009 ж. – «Қаныш Сәтбаев атындағы канал» РМК бас директорының орынбасары, Астана қ.;
- 19.09.2011 ж. - 15.05.2012 ж. – «Тұлпар-Тальго» ЖШС жабдықтау бастығы, Астана қ.;
- 25.12.2012 ж. - 18.08.2014 ж. – «Арыстан «BuildingCompany» ЖШС, «Трансстройгрупп» ЖШС директоры, Қарағанды қ.;
- 19.08.2014 ж. - 08.08.2016 ж. – «Қарағанды Су» ЖШС бас директоры, Қарағанды қ.;
- 20.08.2016 ж. - қазіргі уақытқа дейін - Астана қаласы әкімдігінің «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК бас директоры.
Мемлекеттік наградалары, мерейтойлық медальдары:
- «Ерен Еңбегi үшiн» медалі (2015 ж.)
- «Құрмет» ордені (2022 ж.).
Қосымша ақпарат:
- Орыс, испан, ағылшын тілдерін меңгерген.
Отбасылық жағдайы:
Үйленген, үш баласы бар.
Партиялық тиістілік:
«AMANAT» партиясының мүшесі.
2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласының мәслихатының VIII сайланымының депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Телефоны: +7-701-534-65-05
E-mail: t.zeinulkabden@maslihat01.kz