Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Өмірзақов Азамат Тұрсынбекұлы

1988 жылы 22 қыркүйекте Целиноград қаласында дүниеге келген.

Білімі:

  • Эксетер университеті («Болашақ») (2010 ж.), экономика және бизнес саласындағы бакалавр дәрежесі.
  • Лондон Сити университеті, Касс бизнес мектебі, (2011), Маркетинг мамандығы бойынша менеджмент магистрі.
  • Қазақ гуманитарлық-заң университеті (2012 ж.), «Құқықтану» мамандығы.
  • Қазіргі уақытта г. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Экономика» мамандығы бойынша PhD докторантурада оқиды.

Еңбек қызметі:

  • 2010 - 2012 жж. – «Астана Ломбард» ЖШС директорының көмекшісі, директордың орынбасары;
  • 2012 - 2013 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Персоналды басқару және мемлекеттік қызметті өткеруді бағалау бөлімінің консультанты;
  • 2013 - 2014 жж. – «Астана Ломбард» ЖШС директорының даму жөніндегі орынбасары;
  • 2014 жылғы қаңтар - 2014 жылғы қазан - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі;
  • 2014 - 2016 жж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің көмекшісі.
  • 2016 - 2018 жж. – «Транссервис» ЖШС директоры;
  • 2018 - 2019 жж. – «KazakhTourism» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі;
  • 2019 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін – «O' AZAMAT GROUP» ЖШС директоры.

Қосымша ақпарат:

  • «AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі
  • «Астана қаласының Азаматтық Альянсы» ЗТБ мүшесі
  • «AMANAT» партиясы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі
  • Қазақстан халықтары Ассамблеясы жанындағы кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі.
  • Елордалық мәслихаттың VII сайланымының депутаты және Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі болған.

Отбасылық жағдайы:

Үйленбеген.

Партиялық тиістілік:

«AMANAT» партиясының мүшесі.

2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

Телефоны+7-707-148-69-91

E-maila.omurzakov@maslihat01.kz

Депутатқа сұрақ қою
Ваш вопрос не отправлен.
Спасибо за ваш вопрос!
Тегі, аты, әкесінің аты жолы толтырылмаған.
Email жолы қате толтырылған.
Сұрақ жолы толтырылмаған.