Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Оразалина Динара Аманболқызы

1978 жылы 31 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Білімі:

  • Қазақ мемлекеттік медицина институты, Алматы қаласы, «Дәрігер» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығы (2001 ж.).
  • Қазақ мемлекеттік медицина академиясының интернатурасы, Астана қаласы, «Терапевт» мамандығы (2002 ж.)
  • Қазақ мемлекеттік медицина академиясы, Астана қаласы, «Провизор» мамандығы (2004 ж.).
  • Almaty Management University магистратурасы, Астана қаласы, «Master of business administration (MBA)» мамандығы (2017 ж.);
  • 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін PhD докторантурада оқиды.

Еңбек қызметі:

  • 1999 - 2001 жж – реанимация медбикесі;
  • 2002 - 2003 жж. – «Диасорб» медициналық орталығының дәрігері;
  • 2003 - 2005 жж. – Қазақстан Республикасы ҰҚК республикалық емханасында терапевт дәрігер;
  • 2005 - 2006 жж. – Қазақстан Республикасы ҰҚК Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының терапевт-сарапшы дәрігері;
  • 2006 - 2010 жж. – «Диасорб» медициналық орталығы директорының орынбасары;
  • 2010 - 2017 жж. – «Диасорб» медициналық орталығының бас дәрігері;
  • 2017 - 2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысы ардагерлеріне арналған Орталық клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК директорының орынбасары;
  • 2019 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысы ардагерлеріне арналған Орталық клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК директоры.

Мемлекеттік наградалары, мерейтойлық медальдары:

  • «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі» төсбелгісі (2016 ж.).

Отбасылық жағдайы:

Тұрмыста, үш баласы бар.

Партиялық тиістілік:

«AMANAT» партиясының мүшесі.

2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары

Телефоны+7-701-755-76-81

E-maild.orazalina@maslihat01.kz

Оразалина Динара Аманболқызы
Депутатқа сұрақ қою
Ваш вопрос не отправлен.
Спасибо за ваш вопрос!
Тегі, аты, әкесінің аты жолы толтырылмаған.
Email жолы қате толтырылған.
Сұрақ жолы толтырылмаған.