Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Тәжімұратов Ғабит Қалиұлы

1972 жылы 23 наурызда Кунград қаласында (Қарақалпақ АКСР) дүниеге келген.

Білімі:

  • Мәскеу мемлекеттік азаматтық авиация техникалық университеті (1997 ж.), «Ұшу аппараттары мен авиациялық қозғалтқыштарды техникалық пайдалану» мамандығы.
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, Алматы қ. (2000 ж.), «Құқықтану» мамандығы.
  • «IBS Astana» және «EU» Халықаралық Бизнес Мектебі (2018 ж.), іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек қызметі:

  • 1987 - 1989 жж. – Кунград ауданы Хлопковое совхозының слесарі;
  • 1993 - 1994 жж. - РЭҚ-5 жұмысшысы, Мәскеу қаласы;
  • 1993 - 1995 жж. № 19 Су 1-разрядты жұмысшы, Мосинжстрой ММК, Мәскеу қаласы;
  • 05.1998 ж. - 11.1999 ж. - Қазақстан Республикасы ККМ мемлекеттік авиация тіркелімі ӘК пайдаланушыларын сертификаттау бөлімінің жетекші сарапшысы, Алматы қаласы;
  • 15.11.1999 ж. - 15.02.2001 ж. – "Қазавиасертификация" ЖАҚ коммерциялық әуе көлігі және жалпы мақсаттағы авиация пайдаланушыларының техникалық аудиті бөлімінің бас сарапшы-аудиторы, бастығы, Алматы қаласы;
  • 19.02.2001 ж. - 21.11.2001 ж. - Қазақстан Республикасы ККМ Көлік Заң департаменті органдар жүйесінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Астана қаласы;
  • 21.11.2001 ж. - 12.03.2003 ж. – Қазақстан Республикасы ККМ Азаматтық авиация комитетінің авиакомпаниялар қызметін реттеу бөлімінің бастығы, Астана қаласы;
  • 12.03.2003 ж. - 30.01.2008 ж. – Қазақстан Республикасы ККМ Азаматтық авиация комитетінің авиакомпания қызметін реттеу, әуе кеңістігін пайдалану, Экономика және қаржы басқармасының бастығы, Астана қаласы;
  • 30.01.2008 ж. - 09.02.2010 ж. – Қазақстан Республикасы ККМ Көлік-коммуникациялық кешенін стратегиялық жоспарлау және дамыту департаменті азаматтық авиацияны дамыту басқармасының бастығы, Астана қаласы;
  • 10.02.2010 ж. - 07.04.2014 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің көліктік қамтамасыз ету секторының меңгерушісі;
  • 21.04.2014 ж. - 15.09.2015 ж. – «Airport Management Group» ЖШС бас директорының орынбасары (Қазақстан Республикасының әуежайлары бойынша басқарушы компания);
  • 16.09.2015 ж. - 16.04.2018 ж. – «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры;
  • 07.06.2019 ж. бастап - Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары;
  • 28.12.2019 ж. - 06.09.2022 ж. – «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» Басқарма төрағасы;
  • 05.10.2022 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстанның Азаматтық авиация қауымдастығы» ЗТБ президенті.

Мемлекеттік наградалары, мерейтойлық медальдары:

  • «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
  • «Ерен еңбегі үшін» медалі (2021 ж.)
  • «Құрметті авиатор» төсбелгісі (2015 ж.)

Қосымша ақпарат:

  • Елордалық мәслихаттың VII сайланымының депутаты болған.
  • «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» «AMANAT» партиясының бастауыш партия ұйымының төрағасы. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.К. Тоқаевтың сенімді тұлғасы.

Отбасылық жағдайы:

Үйленген, үш баласы бар.

Партиялық тиістілік:

«AMANAT» партиясының мүшесі.

2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары.

Телефоны: +7-776-223 -26-21

E-mailg.tazhimuratov@maslihat01.kz

Депутатқа сұрақ қою
Ваш вопрос не отправлен.
Спасибо за ваш вопрос!
Тегі, аты, әкесінің аты жолы толтырылмаған.
Email жолы қате толтырылған.
Сұрақ жолы толтырылмаған.