Астана қаласының мәслихаты
ресми сайты
Күнтізбе

Өтешев Нұрлан Сүлейменұлы

1977 жылы 24 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

  • Қазақ мемлекеттік заң университеті (1998 ж.), Алматы қаласы, «Құқықтану» мамандығы.
  • Қазақ мемлекеттік заң университеті (1999 ж.), магистратура, «Қаржы құқығы» мамандығы.
  • Кембридж университеті (2015), Кембридж қаласы, Ұлыбритания, «Мемлекеттік басқару».

Еңбек қызметі:

  • 1997 - 2000 жж. – Лейла Аранышеваның «Десант» көркем фильмінде басты рөл;
  • 1999 - 2000 жж. – ҚазМЗУ Қаржы құқығы кафедрасының оқытушысы;
  • 2000 - 2002 жж. – КазМЗУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректор;
  • 2002 ж. - КазМЗУ студенттермен жұмыс және рухани даму жөніндегі проректоры;
  • 2002 ж. – КазГЮУ Алматы Заң Академиясы директорының студенттермен жұмыс және рухани даму жөніндегі орынбасары;
  • 2002 - 2005 жж. – «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ атқарушы директоры;
  • 2005 - 2007 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры;
  • 2007 - 2008 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры;
  • 2008 ж. – «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының Жастар саясаты және сыртқы байланыстар департаментінің директоры;
  • 2008 - 2012 жж. – «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы;
  • 2010 ж. – Егор Кончаловскийдің «Астана – жүрегім менің!» киноальманахы Эли Гильманның «Сюрприз» қысқаметражды фильмінде басты рөл;
  • 2012 - 2013 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы;
  • 2013 ж. - Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты, Cambridge University, UK тағылымдамашысы;
  • 2015 ж. – «Батыс Еуропа қазақтары. Тану жолы» телевизиялық жобасының авторы және продюссері;
  • 2016 - 2019 жж. – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы;
  • 2016 - 2019 жж. – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы Заманауи зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері;
  • 2016 - 2019 жж. – «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын басқару офисінің «Атамекен» кіші бағдарламасының бас менеджері;
  • 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы» РКБ төрағасының орынбасары
  • 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Strategic Government Consulting» ЖШС тең құрылтайшысы.

Мемлекеттік наградалары, мерейтойлық медальдары:

  • «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «10 жыл Астана» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) медальдары.

Қосымша ақпарат:

  • «Болашақ» президент стипендиясы түлектері Қауымдастығының мүшесі. КазМЗУ түлектері қауымдастығының президенті.
  • Астана қаласы Адвокаттар алқасының Тәртіптік комиссиясының мүшесі.
  • Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі. «Kazakh Tourism ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы.
  • «Мерке-Радон» шипажайы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. «Toraigyrov University» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Отбасылық жағдайы:

Үйленген, үш баласы бар.

Партиялық тиістілік:

«AMANAT» партиясының мүшесі.

2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаты болып сайланды.

Астана қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.

Телефоны: +7-771-163-26-34

E-mail: n.uteshev@maslihat01.kz

Өтешев Нұрлан Сүлейменұлы
Депутатқа сұрақ қою
Ваш вопрос не отправлен.
Спасибо за ваш вопрос!
Тегі, аты, әкесінің аты жолы толтырылмаған.
Email жолы қате толтырылған.
Сұрақ жолы толтырылмаған.