Талғат Мақсұтұлы Нәрікбаев
1978 жылы 3 желтоқсанда Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпықби ауылында (Киров кенті) дүниеге келген.
Білімі:
- Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (2000 ж.),
- Ресей Федерациясының Сыртқы барлау академиясы (2004 ж.).
Еңбек қызметі:
- 1998-1999 жылдары-Алматы ауданы Астана қаласы ІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі.;
- 1999-2006 жылдары-Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері.;
- 2006-2007 жылдары-Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің кеңесшісі;
- 2007-2008 жж. - КАЗГЮУ Университетінің президенті;
- 2013-2019 жж. - КАЗГЮУ университетінің ректоры;
- 2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті» АҚ басқарма төрағасы.
Қоғамдық қызметі:
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау мәселелері жөніндегі арнайы мониторингтік топ төрағасының орынбасары;
- «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі;
- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі жанындағы «Adal Bilim» жобалық кеңсесінің басшысы.
Мемлекеттік және ведомстволық наградалары:
- «ҰКК-ҰҚК Қазақстан» төсбелгісі (2004 ж.),
- ҚР ҰҚК Төрағасының алғысы (2005 ж.),
- «Астанаға 10 жыл» медалі (2008 ж.),
- «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2012 ж.),
- «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі (2015 ж.),
- «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016 ж.),
- «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018 ж.),
- «Конституциялық заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалі (2018 ж.),
- «Ерен еңбегі үшін» медалі (2017ж.),
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» медалі (2019 ж.),
- «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2020 ж.).
«Nur Оtаn» Партиясының мүшесі.
2021 жылғы 14 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.
Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының жетекшісі.
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.
Телефоны: +7 (7172) 70-17-08
E-mail: 9210021@gmail.com
Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы