Құмаржанова Арайлым Саматқызы
1981 жылы 19 сәуірде Өскемен қаласында қызметкерлер отбасында дүниеге келген.
Білімі:
- 2005 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Алматы қаласындағы Орталық Азия университетін бітірген.
- 2001 жылы Өскемен қ. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде ЖЭЕМ операторларының курсын үздік аяқтаған.
- 2000 жылы Өскемен қаласындағы «Звездная Галактика» спорт клубының фитнес және аэробика жаттықтырушыларының курсын үздік аяқтаған.
Еңбек қызметі:
- 2001-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шығыс Қазақстан аумақтық басқармасының ұйымдастыру бөлімінің маманы
- 2005 жылы – «Өскемен қаласының Ішкі саясат бөлімі» ММ экономист-бухгалтері
- 2005-2006 жылдары – «Қазақстан Халық Банкі» ШҚ филиалында жалақы жобаларын тарту жөніндегі менеджердің ассистенті
- 2006-2008 жылдары – «БТА Банкі» АҚ ШҚФ кассир, кейін карточкалық операциялар бойынша бас маман-аға әкімші
- 2016-2019 жылдары – «Spina Bifida» мүгедек балалардың проблемалары жөніндегі қоғамдық бірлестігінің президенті
- 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Омыртқаның бифидасы диагнозы қойылған балалардың проблемалары және олардың қазіргі қоғамға әлеуметтенуі мәселелері жөніндегі «Spina Bifida қоғамы» қоғамдық қорының төрағасы.
Алғыс хаттар:
- Әлеуметтік қызметкер күніне Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің Алғыс хаты
- Ottobock компаниясының Алғыс хаты (Ресей, Санкт-Петербург қ.)
- Балаларды қорғау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайы басшысының Алғыс хаты
- Мүгедек балаларды оңалту мәселелеріндегі бірлескен қызметтегі оң нәтижелер үшін Балаларды оңалту ұлттық орталығының басшысынан Алғыс хат.
Тұрмыста, екі баласы бар.
Қазақстан Халық партиясының мүшесі.
2022 жылғы 23 маусымда Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен қалалық мәслихаттың жетінші сайланымның депутаты болып тіркелді.
Телефон: +7-708-425-63-71
E-mail: arailym.kumarzhanova@gmail.com