Солсанов Куреш Баширович
1978 жылы 1 қарашада дүниеге келген.
Туған жері: Қазақ КСР, Целиноград қаласы.
Білімі:
- 2003 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін» бітірген;
- «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» курсы бойынша оқу бағдарламасын аяқтаған;
- «Білімпаз» ЖШС кәсіпорнында білімін тексеруден өткен.
Еңбек қызметі:
- 2003 жылдан бастап «АВС Partners» ЖШС кәсіпорнын басқарды.
- 2016 жылдан бастап «Астанаводсервис» ЖШС директорының орынбасары болып тағайындалды,
- «Астанаводсервис» ЖШС бастауыш партия ұйымының төрағасы.
Мемлекеттік наградалары және алғыс хаттар:
- «Құрылыстағы еңбегі үшін» ордені;
- «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалі;
- «Құрылыс саласының көшбасшысы» медалі;
- «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі;
- Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт Жан» төсбелгісі.
Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың атынан құрылыс саласындағы табыстары үшін және «Nur OTAN» партиясының сайлау кампаниясына белсенді қатысқаны үшін алғыс хат. Нұр-Сұлтан қаласының «жасыл қорын құрудағы жетістіктері» үшін «Астана-Зеленстрой» АҚ-нан алғыс хат. «Шейх Кунта қажы» атындағы мешіт құрылысына қосқан үлесі үшін» алғыс хат. Нұр-Сұлтан қаласының «Кәмелетке толмаған балаларға арналған баспана» ММ демеушілік көмек көрсеткені үшін алғыс хат. Меценаттық және қайырымдылық қызметті дамытуға сіңірген еңбегі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясынан алғыс хат. Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Дипломатиялық миссиясының басшысы Теміртай Ізбастиннің арнайы наградасы.
Отбасы жағдайы - үйленген, алты баласы бар.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
2022 жылғы 29 наурызда Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымының депутаты болып сайланды.
Телефон: +7-701-881-22-51 - Хасанов Ермек Мамбетович.
E-mail: kuresh_solsanov@mail.ru